Басым көпшілік Жұлдызды өз анасына емес, енесіне ұқсатты
ERNUR.KZ. Қайрат Нұртастың жары әлеуметтік желіге анасы екеуінің суретін салып, көпшіліктен жағымды пікірлер қабылдады.
Инстаграм әлеуметтік желісіне Жұлдыз Әбдікаримова анасы екеуінің суретін салды. «Анашым! Ұқсаймыз ба?» деп көпшілікке сауал тастаған оған желі қолданушылары таңдай қағып, тамсанған пікірлерін жаудырды.
«Мамаңызға тартқан екенсіз! Мамаңыздың сыры кетсе де сыны кетпепті, сұлу екен!», «Ұқсайсыз, өзіңіз сияқты жылы жүзді екен», «Алла денсаулық берсін!» деп қолдай кетті.
Желі қолданушылардың көбісі Жұлдыздың анасы жас көрінетіндігін, жасының қаншада екендігін сұрасты.
Кейбір оқырмандары Жұлдыздың өз анасына емес, енесіне көбірек ұқсайтындығын да айтты.
Көпшілік оқырмандар Қайрат Нұртастың жары Жұлдыздай жанды өмірге әкелген анаға разы болысты. «Керемет, Жұлдыздай қызды өмірге әкелген ардақты ана, мың жасаңыз! Өте жақсы қыз тәрбиелепсіз. Жұлдыз жұлдыздай жарқырай берсін!» десті желі қолданушылары.