"Мамандығыма оралдым"
Қайрат Нұртастың жары мамандығы бойынша Түркістанда ашылған жаңа театрға жұмысқа тұрды. Жұлдыз Әбдукәрімова театр сүйер қауымды өзінің алғашқы қойылымына шақырды.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазып, оқырмандарын жақсы жаңалығымен қуантты.
Жұлдыз Әбдукәрімова 17-18 желтоқсан күндері өтетін "Махаббат мұнарасы" пьесасында Сұлудың рөлін сомдамақ.
Айта кететін нәрсе, "Арман. Періштелер ұйықтағанда" фильмінде алғаш актерлік қабілетін сынаған ол елге тележүргізуші ретінде де танылып үлгерді.