"Қарғап жатыр": Жанерке Елшіннің ұтысына алданған қыз үндеу жариялады (видео)

0
4 000


Қазір әлеуметтік желіде көп оқырманы бар кез келген адам ұтыс ойнатумен айналысатын болған. Олардың ішінде ең танымалдары - "Қалаулымның" жұлдыздары.

Сол "Қалаулымнан" шыққан Жанерке Елшін мен күйеуі Еркебұлан да әлеуметтік желіде өте белсенді және оқырмандарына арналған сыйлықты жиі таратып тұратын еді. Бірақ оқырмандарда сол сыйлықтар шын мәнінде бар ма деген сұрақ пайда болды. Оған себеп желіге жарияланған төмендегі видео.


Осылай деген қыздың видеосын желіде танымал топтар бөлісіп, жалпы ұтыс деген дүниеге алданбауға шақыруда.

Бұл видеоны көрген оқырмандардың басым бөлігі "Негізі блогерлердің көбі халықты алдап жүр , неге осыларға шектеу қоймайды." Аңқау елге , арамза молда", "Сенбесеңіздерші блогер анау мынау дегенге неге сене бересіздер көбісі алаяқтар олардың" деген сынды пікірлер жазуда.