"Қарнын жасыра алмайды": Жанар Айжанова қызының жүкті екенін айтты

0
5 730

Айжұлдыз бен Қыран бірге ме?


Жанар Айжанова қызы Айжұлдыздың аяғы ауыр екенін жасырмады. Бұл туралы ол отандық бағдарламалардың бірінде айтты.

"Маска" бағдарламасына қатысып жүрген Жанар Айжанова ондағы жұмбақ кейіпкерді табу барысында "Менің қызым емес. Ол басқаны жасырса да, қарнын жасыра алмайды. Аяғы ауыр, оны біліп қоятын едім" деді.


Мұны естіген желі оқырмандары "Айжұлдыз бен Қыран әлі де бірге сияқты ма, егер Жанар ханымның қызының аяғы ауыр болса?" деген сұраққа жауап іздеуде. Кейбіреулері оларды бірге деп топшыласа, көпшілік екі жұптың айырылысып кеткеніне сенімді.

Сонымен қатар оқырмандар жүкті келіннің аман-есен босанып алуына тілектестік білдіруде.