«Менің арқамда контент жинап отыр»
Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын белгілі журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желіде әнші Шахизада Байпатшановадан алданып қалғанын айтып, шағымданған болатын. «Шахизада өзінің киім дүкеніндегі жыртық көйлекті балаларыма ескертпей, алдап сатты» деп жазып еді. Күні кеше әнші Шахизада болған жағдайды баяндап берді.
«Негізі, қыздар, біздің дүкендегі киімдердің бәрі сапалы. Қызыл көйлек бүкіл Қазақстанға тарап, айқай-шу боп жатыр екен. «Жыртық көйлек сатты» деген әңгімені айтамын. Шүберек болғаннан кейін ондай-ондай болады. Дүкенге толық әйел де, арық әйел де келеді. «Сізге сыймайды» дегеніңе қарамай киіп көреді. Содан артындағы жібі сәл сөгілген.
Мысалы, кеше Жазира деген ханымның балалары осы 50 мың теңгелік көйлекті 20 мың теңгеге жеңілдікпен алған екен. Өзі бір дана қалған соң жеңілдікпен сатуға қойдық. Енді соны айқайлатып, «жыртық» көйлек деп салыпты. Бұл көйлек жыртылмаған, артқы жағы кішкене сөгілген. Жеңілдікпен алған соң 2-3 мың теңгеге тіктіре салуға болады ғой. Кеше осы көйлекті ұнатып бір қыз алайын деп еді, размерін таппай кетті», - деп пікір білдірді әнші.
Ол сондай-ақ өзін айыптаған журналиске қатысты ойын айтты.
«Мен соншалықты жыртық киім сататындай ақыман адам емеспін. Қазақстанға әйгілі әншімін ғой. «Жыртық киім сатты» дегенде намысым келді. Жыртық ештеңесі жоқ, сөгілген. Кез келген киім сөгіледі, өйткені бұл – шүберек. Соны соншама даурықтырып,бүкіл әлемге жайып жіберді. Түсінем, енді сондайдың арқасында контент жинап, лайк жинайтын, біреулердің арқасында нан табатын, пікір жинайтын адамдар бар ғой. Мен сондайға түсіп қалған екенмін. Кешірім сұраймын, өзінен де кешірім сұрадым. Сонда да ренжіп қалған көрінеді», - деді Шахизада.