​«ХАЙПЕРҒАЛИ ХАЙПЕРӘЛІ», «Малшы болғысы келетін ӘНШІ» - кімдер?

0
3 015

Айналасы айқай-шуға толы, расында хайп!


​«ХАЙПЕРҒАЛИ ХАЙПЕРӘЛІ», «Малшы болғысы келетін ӘНШІ» - кімдер?

Хайперғали Хайперәлі – бүгінде көпшілік соңғы жылдары ең танымал болған әнші Төреғали Төреәліні осылай атайды.

Айналасы айқай-шуға толы, расында хайп!

Оның Ерке Есмаханмен салған «Алло!» әнінен кейінгі продюсермен арадағы дау-дамай, мыңға жуық қонағын күттіріп қойып өз тойына өзінің кешігіп келуі, өз коцертінен жасы үлкен кісіні шығарып жіберуі, сол үшін халықтан кешірім сұрауы – бәрі де оған осынау атауды берсе бергендей.

Айтпақшы, Төреғалидің әйелін шығарып салуы үшін ұшаққа мініп кетіп шулатқан Алматы әуежайында болған жағдай да бар...

Жуырда хайп-әнші елді тағы шулатты. Сахнада гүл сыйлаған баланың аузына түкіріп, жұмсақ жерден тепкенін өзінің Инстаграм парақшасына салған-ды. Көптің талқысына түскен бұл жайтты елдің үлкендері «ертеден бар, белгілі адамдар осылай жасаған» дегенмен, қолданушылардың басым бөлігінің көзқарасы кері екені белгілі болды...(дереккөз: «Время» газеті)



Ал «Малшы» болғысы келетін ӘНШІ туралы «Рейтинг» газеті жазды.


Жастардың сүйіп тыңдайтын әншісі Серік Ибрагимов өнер әлемінен қол үзетіндей болса, мал бағумен айналысқысы келетінін айтқан көрінеді.

«Хит-Тв» арнасының «Хедлайнер» бағдарламасында әнші осылай деп сырын ашыпты.

«Қалаға ет, қымыз экспорттағым келеді» деген Серік жылқы баққысы келетінін айтқан.

- Ән айтып, би билеп жүре бермейтін шығармын, - деген әнші мал бағудың ұнайтынын және оның қыр-сырына қанық ауылдың баласы екенін де білдіре кеткен.

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


«Құтырайын депті ҚАРТАЙҒАНДА...» - "Қалаулымның" түркістандық қатысушысы көптің сынына қалды


«Бала-шағаң болмаса мұның бәрі кімге керек?!»