Халықаралық шоуда қазақтар әділ қазыларды таңғалдырды (видео)

0
2 461

Ансамбльдің өнері көңілінен шыққаны соншалық Ситора Фармонова "алтын" тетікті басты. Осылайша олар жартылай финалға автоматты түрде тікелей жолдама алды.


Халықаралық шоуда қазақтар әділ қазыларды таңғалдырды (видео)

Central Asia's Got Talent 2019 байқауында "Хассақ" этно-фольклорлық ансамблі қазылар алқасын тәнті етіп, жартылай финалға автоматты түрде шықты, деп жазады Zakon.kz.

Жобаға қатысушы үш жігіт және екі қыздан тұратын топ сахнада өздерін "Хассақ" этно-фольклорлық ансамблі деп таныстырды. Топтың атауын "Хас", яғни нағыз, ал сақ - ол тайпаның атауы, яғни біз "нағыз қазақтармыз" - деді олар. Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің әділқазылары алдында өнер көрсеткен этнотоп қазақтың түрлі ұлттық аспаптарын музыканы төге отырып, үнемі ауыстырып орындап отырды. Көмей әні қазақтың ұлы даласы, Алтын Ордадан бастап қазақтың соңғы ханына дейін ұлықтап, көрермендерді ойша ертедегі Қазақ еліне алып апарды.

Ансамбльдің өнері көңілінен шыққаны соншалық Ситора Фармонова "алтын" тетікті басты. Осылайша олар жартылай финалға автоматты түрде тікелей жолдама алды.

Айта кетсек, 15 қыркүйек күні "Хабар" телеарнасы Орталық Азиядағы ең ауқымды жоба – Central Asia’s Got Talent (Орталық Азия таланттарды іздейді) шоуын көрермен назарына ұсынды. Алғаш рет Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның өнерпаздары бір сахнада бақ сынауда. Ал бәйгеде топ жарған мықтының мықтысы әлемге танылып қана қоймай, 10 млн теңгені иеленеді. Шоу төрт мемлекеттің - "Хабар", "Zoʻr TV", "КТРК" және "ТВ Сафина" телеарналарынан көрсетіліп жатыр. Байқауға Нұрлан Абдуллин (Қазақстан), Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан), Ситора Фармонова (Өзбекстан) және Аловуддин Абдуллоев (Тәжікстан) сынды қазылар төрелік етеді.

Central Asia’s Got Talent шоуының жүргізушілері: Кумар Лукманов, Еркебұлан Мырзабек (Қазақстан), Эркин Рыскулбеков (Қырғызстан), Бехруз Насриддинов (Тәжікстан) және Тимур Алиев (Өзбекстан).