"Қисынсыз әңгімелерге нүкте қоямыз": Қайрат пен Төреғалидің әйелі кездесіп, жаңа жоба бастады

0
5 318

Олар осы арқылы ел ішіндегі артық сөздерге нүкте қойғысы келеді екен.


"Абысын тату болса ас көп. Қазақтың қыздары бір-біріне әпке, сіңілі, келін, абысын. Бөтені жоқ. Ел ішіндегі алып-қашпа әңгімелер мен қисынсыз салыстыруларға нүкте қоятындай керемет сұхбат болды. Ұлы дала келіндері жасасын!" дейді танымал хитменнің жары, актриса Жұлдыз Абдукаримова өзінің парақшасында.

Бұл жазбаға қоса Төреғалидің жары Толқынмен бірге тау бөктерінде жүрген видеосын жариялаған.


Мұны көрген олардың оқырмандары түрлі пікірлер жазып, өзара пікірталас тудыруда. Олардың бір бөлігі "Керемет,барша қазақтың келіндері сендердей болсын,өзіме де өздеріңдей келіндерді Алладан тіледім,ЖҰЛДЫЗ,ТОЛҚЫН,бақытты болыңдар!", "Алланың назарында! Бакыттын құшағында жүре беріңдер! Керемет! Бақытты ғұмырлы болыңыз отбасыңызбен бірге!" деген тілектерін ақтарса, тағы бір топ олардың бұлай жүруі "Күйеулерініңі арқасы", "Бәрі бар бұлар бізді қайдан түсінсін" деген секілді ойларын да жазуда.