Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

0
2 425

Уәдесін ұмытқан актрисаны Мұхит Сапарбаев қуып жүріп 10 мың теңге алған.


Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

ERNUR.KZ. Танымал актриса Гүлнәз Жоланова көп балалы отбасыға ақша аударып жіберуге уәде беріп, артынша мұны ұмытып кеткен. Бұл туралы Мұхит Сапарбаевтың «Ойбай Шоу» бағдарламасында белгілі болды, деп жазады stan.kz.

Алдыңғы бағдарламада актриса Мұхит Сапарбаевқа «Қайрымдылыққа өте жақсы қараймын. Картаға жіберу мүмкіндігі болса, қосамын. Қолма-қол ақша ұстамайды екенмін. Телефон нөміріңізді жазып алайын. 20 мың теңге менен», - деп уәде берген.

Артынша Мұхит Сапарбаев Гүлназбен кездесіп, одан ақшаны аудармау себебін сұрайды. Гүлнәз Жоланова өз кезегінде «фестивальдің буымен» жүріп есінен шығып кеткенін айтады.

«Мен ұмытып кетіппін. Шынымды айтайын, ұмытып кеттім. Ол жақта фестиваль болды. Жақсы, мен жіберемін. Сендер интернетке бірдеңе салдыңдар ма не?» - деп сұрады Гүлназ Жоланова.

Артынша Мұхит Сапарбаев "20 000 теңге беремін деген Гүлнәз Жоланованы қуып жүріп, 10 000 теңге алдық" деп жазған.