"Қорқу дегенді білмейді": Күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтаған Айнұр Тұрсынбаева елді тәнті етті

0
10 036

"Құласам демеп, жыласам жұбатқан, жарығым!"


Атақты Айнұр Тұрсынбаеваның қазіргі күйеуі туралы талай сөздер таралғаны белгілі. Ұзақ уақыт жасырып жүрсе де, кейін ресми түрде әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған еді.

Ал бүгін ақын өз жарын туған күнімен құттықтап, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады.

Айнұр Тұрсынбаева: "Құласам демеп, жыласам жұбатқан жарығым туған күніңізбен...
“Жолықсаң біздің елдің тентегіне,
Өмірдің қарамайды келтеңіне..
Досына жалғыз атын сойып беріп,
Қалады жүген ұстап ертеңіне...” деген өлеңді бәріңіз білесіздер ғой, осы өлең тұп-тура Нұрекеңе арналған ба деп қалам... Өзі дүкен аралап киім алғанды жақсы көреді, бірақ ертесіне соның бәрін таратып жіберетіні қиын... Қалтасындағы соңғы тиынын садақаға беріп жіберіп “Алла жеткізеді” деп күліп қойып жүре береді... Тағы бір ерекшелігі Алладан басқадан қорқу дегенді білмейді... Жаны жомарт, аңғал, ақ көңіл деген теңеудің бәріне лайық, әлхамдулиллах! Мені мақтағанның бәрімен дос, мені жамандаған адаммен ата жау... Түзде қандай қатал болса, үйде одан мейірімді адам жоқ...Қасымда қамқорым болып аман жүріңіз... Ноқтаға басы сыймаған асау тұлпардай батырыма екі дүниенің абыройын тілеймін.. Инстада отырып бүкіл комментарийді жібермей оқып отыратынын ескеріп ақ тілектеріңізді жаудырып жіберіңіздер"
.

Ақынның бұл тілегін оқыған оқырмандары да белсенді түрде пікір жазды. Олардың арасында айтыскердің өнердегі достары бар. Айтыстағы қарсыласы, Балғынбек Имашев "Просто, сенің кобра екеніңді білмейді ғой. Мен айтқанға сенбейді" деп күліп, "Алла екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін!" деген ниетін ақтарған.

Одан басқа да оқырмандары "Айнұр ханым! Сіз біз үшін үлкен абыройлы адамсыз! Құлағанды көтерип еліміздің камын ойлап сізге Алланың нұры жаусын сизге! Жігітіңіз екеуіңіз тек биіктерден көрініңіз! Казақтың батыр Кайсар жігіттері аман болсын!", "Аллах екі дүниедеде жүздеріңізді жарық қылсын, абыройыңыз асқақтай берсін, екі дүниенің бақытын, екі дүниенің байлығын тілеймін! Бақыттарыңыз баянды болсын, иншАллах!!!" деген сынды пікірлерді қарша боратқан.