Соңғы кезде шоу-бизнес өкілдерінің орамал тағуы жиі ауызға алынып жүр. Оған себеп - хиджаб киіп, артынша шешіп тастауы.
Десе де орамалды үнемі серік етіп жүргендер де жоқ емес?! Тұрмысқа шығып Айша атанған Мөлдір Әуелбекова өзі туралы кереғар пікірлерді сезіп жүргендей, желіге төмендегідей жариялады.
"Мен жайлы... Негізі, әуретімді жауып образымның сәл-пәл өзгергені болмаса, дауысым сол баяғы жоғарғы екінші сопрано ғой.
Қасымның өскені болмаса, түрім сол баяғы "әдемі қыз" ғой.
Әріптестерімнің көбісі отписка жасағаны болмаса, адал оқырмандарым сол баяғы 2.800.000 ғой.
Ең маңыздысы, күйеуім Айша деп еркелеткені болмаса, сол баяғы Мөлдірмін ғой"
Әншінің бұл постына жанкүйерлері жылы пікірлерін барынша аямауда. Олар "Тамаша Мөлдір дауысың да, өзің де, образдарың да керемеет, таққан орамалың да өзіңе жарасып тұр. Айша деген жұбайыңның берген есімі де күшті бақытты болыңдар мүміндердің анасы Айша анамыздай болуға тырыссаң сеннен бақытты әйел жоқ нағыз достар өзіңмен бірге барлық уақытта қандай жағдайда өзгерсең де өзгермесең де ал жалған достар олар біртіндеп жолда қалады", "Әр адамның таңдауы өз қолында ешқашан берілмеңіз ең бастысы сіз дұрыс істедіңіз.Ешкімге түсіндіруге міндетті емессіз.Әр адам бақытты болуға лайықты" дегенге саятын ойларын жазуда.