65 жастағы әже темекі шегіп, ішімдіктен алып қоятын әдеті бар екенін жасырған жоқ.
Алматыдағы Арбат алаңында өнер көрсетіп, халыққа «А.К.А Kempir» атты лақап атпен танылған 65 жастағы диджей әжей музыка саласына қалай келгенін, қазір қандай түнгі клубтарда өнер көрсетіп, не істеп жүргені жайлы Мұхит Сапарбаевтың " Oybay Show" бағдарламасында берген сұхбатында айтты.
Сұхбат барысында 65 жастағы әже спирттік ішімдік ішіп, темекі мен калянь тартып отыр. Сондай-ақ Алматы қаласындағы түнгі клубтардың біріне барған әжейдің жастарға арақ шашқанын көруге болады.
Сұхбатты көрген желі қолданушылары зейнет жасындағы әжейдің бұл жүрісін құптамайтындарын айтып, жағымсыз пікірлерін қалдырған.
"Қарттар дұрыс болмай, жастар қалай дұрысталады", "Қалай жиркенішті. Ақыр заман деген осы шығар", Уят ай, немересінің аузына сүт құюдың орнына, клубта жастарға арақ шашып жур", "Не сұмдық қариялар бұлай отырса, жастарымыз не істемейді? Мынау ұрпағына қандай тәрбие береді?" - деп жазады оқырмандар.