"Масқара!": Қысқа көйлек киген Айгүл Иманбаева сынға қалды (видео)

0
4 244

Әншінің тым қысқа көйлегі желі қолданушыларының ашуын туғызған.


Елімізге келін образымен танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева "Екі Жұлдыз" бағдарламасына қысқа көйлек киемін деп елді шулатты. Көпшілік әншінің жаңа образы жасына сай емес екенін жарыса жазып, сынның астына алған.

Instagram желісіндегі парақшаларға тарап кеткен видеодан әншінің сыртында жамылғысы бар ақ түсті қысқа көйлекпен келе жатқанын көруге болады. Желі қолданушыларының басым көпшілігі шоу-бизнес жұлдызының көйлегінің ол үшін тым қысқа екенін жазуда.

"Мынау не жүріс, жас 40 тан кеткенде, жастарға көрсеткен өнегеңіз бе? Халықтың алдында жүрген адамсың ғой , өзіңді дұрыс жағынан көрсетпейсің бе!", Бұл қартайғым келмейді деген диагноз", "Айгул қызым, сені үлгі етіп, қыз немерелеріме айтушы едім масқара", "Масқара, тым қысқа" , "Не дегенімен қартайды ғой" , "Жасына сай киіну керек адам" , "Жұрт назары кеткен соң, оны осылай аударуға тырысады", "Жасына сай киінген жөн" , - деп жазуда желідегілер.

Алайда кейбір желі қолданушылары әншінің бұл образына оң бағасын берген.

"Несі бар күшті жарасып тұр. Фигурасы жас қыздардан артық болмаса кем емес. Жарасқан нәрсені кигенде тұрған ештеңе жоқ. Қартайып 60 қа келіп тұрған жоқ қой. Әлі жас. Жас кезде ұнаған киімді жарасса киген дұрыс", "Қартайғаны несі нағыз киім киіп жүретін кезі, жарасып тұр" - деп жазады олар.