"Мені алақанда аялап, еркелетіп жүрген": Күйеуінің суретін жариялаған Гүлнұр Оразымбетова жұртты тәнті етті

0
6 387


Жеке өмірі мен күйеуі туралы көп айта бермейтін Гүлнұр Оразымбетова желіде хитке айналды. Ол өзінің күйеуі мен ұлдарының суретін жариялап, "Мені алақанда аялап, еркелетіп жүрген біздің үйдің азаматтары" деп жазба қалдырған.

Әнші күйеуінен едәуір жасқа кіші және екінші жары болғандықтан көпшіліктің сынына жиі ұшырайтын еді. Десе де, бұл жазбасына оның жанкүйерлері мен тілектестіктері көп жазба қалдырған.

Оны "Неге көрсетпей жасырып жүрдіңіз жұбайыңызды? Көрікті азамат екен. Сізді алақанына алып, еркелетіп жүрген сол кісіге мың алғыс! Бақытты жансыз!", "Керемет бақытты болыңыздар! Осылай салып тұрыңыз, сізде бақытты болуға лайықтысыз!", "Асқар таудай арқа сүйер азаматтарыңыз аман болсын" деген сынды жақсы пікірлерді көптеп жазған.

Дегенмен арасында оның таңдауын сынап, теріс пікір жазғандар да жоқ емес. Күйеуің үлкен көрінеді дегеннен бастап, ұлдарына қатысты да дүниелер жазған. Ал әнші ондай пікірлерді назардан тыс қалдыратын сияқты. Өйткені ешқандай жауап қайтармаған.