"Менің баяғы қолым жоқ": Мәдина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшырағанын айтты

0
10 041

Бір айдан асқан карантиннің кері әсері жұлдыздарға ауыр тиіп жатыр.


фото ғаламтордан алынған

Қазақстан эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова шектеу шаралары салдарынан күйзеліске түскенін мойындады. Карантинде әріптестері түрлі челлендждермен көңілдерін көтерсе, үнемі жарқырап жүретін Сәдуақасова үй шаруасының күйбең тіршілігіне үйренісе алмай күйзеліске түскен көрінеді. Бұл туралы өнер иесі "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.

"Мен шынымды айтайын түңіліп, кәдімгідей депрессия болдым бір ай. Оның үстіне үйдің тірлігі. Осы кішкене бір апта болды ма өз-өзіме келдім, мынаның барлығы реттеледі екен, адамның барлығы волнасын ұстап алады екен үйдегі хозяйка, волнасын ұстап алсаң, бітті таңертең тұрасың да таңғы асыңды дайындайсың, одан кейін «шық» деп затыңды үтіктеп бересің жолдасыңа, одан шығарып саласың. Адам деген үйренеді. Мен де сол ритмге үйрендім", - дейді әнші.

Мәдина ханымды әнші емес, ең әуелі әйел, ана екенін есіне салған карантин, өнер иесінің аспаздық қырын ашқан. Алайда, асүйдегі жетістіктерімен бөлісуге асыққан өнер иесі, керісінше қатаң сынның астында қалған. Көптің талқысын тудырған - мына қамыр.

"Бір хит болды енді менің қамыр жайғаным. Енді мен шынайы, мен қуандым басында. Мен ойладым мені отырып алып бәрі мақтайтын шығар, молодец Мадина деп. Жоқ ол негізі бірінші емес болатын, бірінші әдемі шыққан деп жазуым керек еді. Мен ойладым әдемі шықты деп. Міндетті түрде домалақ болу керектігін мен оны сосын ғана қыздардан естідім", - дейді Мәдина Сәдуақасова.

Бірақ әнші, хейтерлердің пікіріне еш ренжімейді. Керісінше, бар уақытын асүйде өткізіп жүрген өнер иесі одан сайын шабыттана түскендей.

"Қазір тым пысық боп кеткен сияқтымын, әйел адам болғандықтан міндетті түрде сен оны жасай білуің керек. Қазір өте жақсы, дұрысталды. Домалаққа келе жатыр жайлап. Және де көптеген басқа да тағамдарды жасап жатырмын. Үй жинаймын. Міне, қолдарымды қарасаңызшы, менің баяғы қолым жоқ", - дейді әнші.

Десе де, күйбең тіршілік қамына кіріскен Мадина көп ұзамай шығармашылығын да қолға алмақ ниетте. Олай болса, карантиннен соң асүйден шабыт алған Сәдуақасовадан тың туынды күтуге болар.

ERNUR.KZ.