​«Мұрат Әбілда – болашақ звезда»: Ұлықпан Жолдасов түрмеден шыққан блогерге іздеу салды

0
2 460

«Біраз ән жазып тастапсың, кел, көмектесеміз»


​«Мұрат Әбілда – болашақ звезда»: Ұлықпан Жолдасов түрмеден шыққан блогерге іздеу салды


Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов атышулы блогер Мұрат Әбілдәға іздеу салды.


«Мұратжан... Мұрат көп қой қазақта. Мұраттардың ішіндегі Мұрат Әбілдә інім, сені түрмеден шықты деген жақсы хабар естіп жатырмын. Шығып жатсаң хабарлас, кел. Астанаға соқ. Сұхбатыңды көрдім, маған ұнады. Біраз ән жазып тастапсың. Сондықтан көмегім дайын. Іздеп таба алмай жатсаң, Ғаділбекке жаз» дейді Ұлықпан Жолдасов.


Видеодан Ұлықпан Жолдасовтың сөзін іліп әкеткен Ғаділбек Жаңайды байқауға болады. «Мұрат, маған жаз. Мен тауып беремін. Шығып жатсаң, хабарлас», – деді ол.


Желі қолданушылары Мұрат Әбілдаға көмек қолын созған Ұлықпан Жолдасовқа алғыс айтты. «Ұлықпан аға көптің жұлдызын жақты ғой», «Ұлықпан Жолдасқа мың алғыс», «Мұрат талантты жігіт қой, кішкене жетелеп, қатарға қосып жіберу керек» «Мұраттың жұлдызды сәті туайын депті», «Мұрат Әбілда – болашақ звезда деші» деп жазды көпшілік.


Айта кетейік, Мұрат Әбілда деген жігіт Түркістан облысы Оранғай ауылының тұрғыны. Әлеуметтік желі белсендісі, көпшілікке тікелей эфирде отырып былапыт сөздерді қарша жаудырып танымал болған. Кейін ән шығарып, сазгерлік қырынан танылған. Ішімдік ішіп, өзге біреудің ұлтына, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Онысы әлеуметтік желіге тарап, жәбірленуші тарап Мұраттың үстінен арыз жазып, кейін ол сот үкімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.