«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жансақтау бөліміне түсті

0
170

​Ол дәрігерлерге алғыс айтты.


«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жансақтау бөліміне түсті

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Танымал «МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты кенеттен ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде жатып шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Өнер иесі бұл туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлап, Шымкентте өтуі тиіс ән кешіне бара алмай қалғанын жеткізді. Дәрігерлердің шұғыл ем-дом көрсетуінің арқасында жағдайы тұрақталып, ол палатаға ауыстырылған.

«Бүгін Шымкентке ән кешке баруым керек еді, жүрек қан тамырларының бітеліп, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым. Ұжымға мың алғыс. Дұғада болайық», - деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Әншінің бұл жазбасынан кейін әріптестері мен тыңдармандары желіде ақ тілектерін жаудырып, тезірек сауығып кетуін тіледі.