"Мықты жігіттер": Желі оқырмандары Орда тобының шешімін қолдады

0
2 994

"Сіздердің қолдауларыңыз бен түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз", - деді топ әншілері.


ORDA тобы 9 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Máńgilik El Daýysy" ұлттық жобасында өнер көрсететінін жеткізді. Бұл жайлы ақпарат топтың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

"Соңғы жайттарға байланысты біз қазан айындағы барлық концерттен бас тарттық. Сіздерге қолдау көрсетіп, түсінікпен қарағандарыңызға алғыс айтамыз. Дегенмен, біз командамен бірге Астанада 9 қараша күні "Қазақстан" ОКЗ-да өтетін "Máńgilik El Daýysy" концертіне қатысамыз деп шешім қабылдадық. Шоу ұйымдастырушылармен бірге біраз іс тындырып қойылған болатын. Сондықтан, жақын арада Астанада кездескенше!", - деп жазды олар.

Аталған жазба желі оқырмандарының үлкен қолдауына ие болды. Әншілердің шешіміне ризашылдығын білдіріп, тыңдармандарына адал екенін көрсетті деп пікір қалдырды.

"Нағыз артистер", "Алматылықтар да сіздердің концерттеріңізді асыға күтеді", "Беделхандарға сабырлық тілеймін, мықты жігіттер екен", - деді желі оқырмандары.

Айта кетейік, Máńgilik El Daýysy - көрермендер мен өнер жұлдыздары арасындағы шекараны жоятын алғашқы қазақстандық ұлттық музыкалық шоу. Музыка шоуы 9 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Сахнада Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Мадина Сәдуақасова, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы өнер көрсетеді. Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі.