Жұлдыз оқырмандарының арасында сауалнама өткізген соң осындай шешім қабылдапты.
Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримованы жақында қыз ұзату тойларынан көріп қалуыңыз ғажап емес. Себебі, актрисалық қырымен танылған Жұлдыз енді қызды ұзатып, неке қиюды қолға алмақ. Ол жаңалығын инста-парақшасында жариялап, тапсырыстар қабылдайтынын да жаза кетті.
"Қанша уақыттан бері құрбым "Неге сен неке қиып, қыз ұзатпайсың?" дейтін. Алғашында "Майра, ұят қой. Ел не ойлайды" деп бірнеше жыл тартынып жүрдім. Сосын жақында өз оқырмандарымның арасында сауалнама өткізгем. Қаншама адамның ілтипаты мен тілегін естідім. Шақыртуларын алдым.
Халықтың жақсы сөздерін оқып, батасына бөлендім. Ал енді "Биссимилях" деп бүгіннен бастап жас жұбайлардың некесін қиюға тапсырыстар қабылдаймын деп шештім. Әрине, жүректе қобалжу бар. Дегенмен қолдан келсе неге көрмеске. Мен некесін қиған әр жұбым кем дегенде 4 баладан тапса, көркем отбасы болса қандай жақсы, - деп жазған.
Оқырмандар арасында "Некені имам қимай ма?" деп таңғалғандар да бар.