Дариға Бадықова: "Ауа райы қалай? Бүгін сіздерде жаңбыр ма? Прикиньте, бізде қар" деген әңгіме болмауы керек.
Танымал актриса, халықтың сүйіктісі Дариға Бадықоваға желідегі көп вайнерлердің ұнамайтынын байқадық. Оған кәсіби актрисаның төмендегі жазбасы дәлел. Ол әсіресе, үйі шашылып, орамалы қисайып жүретін әйелдің видеоларына шүйліккен.
"ОРАМАЛЫҢ ҚИСАЙМАСЫН!
Инстаграм деген жақсы болды ғой. Күнде неше түрлі типажды көресің. Блогер мен вайнердің заманы туып тұр. Жұрттың бәрі блогер болғысы келеді, вайн түсіргісі келеді. Оңай жұмыс көреді. Пайдаға белшемнен батам деп ойлайды. ҚАНЕКЕЙ!?⠀
⠀⠀
Блогерлықпен "ауырып", вайнер болуға тыраштанып, үйтіп-бүйтіп #накруткамен оқырман жинап, орамалы қисайып сторизге шығып екі сөздің басын қоса алмай #мәймөңкелеп тұрған талайын көрдік. Айналайындар-ау, блогер болу үшін ең алдымен ӨРЕ керек қой! Үйіңнің тазалығы, шашыңның жылтырағаны, күйеу, бала-шағаңның тап-тұйнақтай болғаны керек. Дүйім жұрттың алдына шығып көрсетесің ғой?! Орамалың бір жақта, өзің бір жақта, әйтеуір жылт етсем болды десең, өз-өзіңді мазақтағанмен тең емес пе!?⠀
⠀⠀
Инстаграмда жұлдыз болам десең, өзіңнің ФИШКАҢ болуы керек! Атың шықпаса жер өрте деген болмайды. Ұят! Камераға шықтың екен, тілдің тазалығы керек, ең алдымен. ⠀
Сөйлеу манераңыз:⠀
Мұрынның астынан шықпауы керек, тамақта қалып кетпеуі керек. ⠀
Әр сөзің анық-анық шығыу керек.⠀
Сізді көре бергісі келетіндей тартып алуыңыз керек.⠀
⠀⠀
Сосын "Ауа райы қалай? Бүгін сіздерде жаңбыр ма? Прикиньте, бізде қар" деген әңгіме болмауы керек. Айтар ойың, жазар тұшымды әңгімең болмаса, несіне блогерсің?!⠀
⠀⠀
Ал #вайн ше? Айналып келіп #шутка түсіреді бәрі. Хахаха-хихихи, болды! Басқа? Дым идея жоқ! Ал ол идеяны қайдан аламыз? Жан-жағымыздың бәрі идея негізі. ⠀
Тек соны көре білу, аңғару керек. Көкірек көзің ояу болса, көресің. Астары, айтары бар әзіл түсіргіңіз келсе жеңіл түрде түсірсеңізде болады. Ешкім бізге түсірме демейді. Біз өзіміз түсірмейміз. Көппен көрген ұлы той деп ырқ-ырқ, жырқ-жырқ жүре береміз. Рас қой!?⠀
⠀⠀
Актер болу үшін де сол. #906090 болсам, шашым ұзын болса деп ойлайды.. 50 кг болсам бітті жұлдызым жанып кетеді екен деп ойламаңыз. Себебі сіз сияқты 50 келілер толып жүр. Актер болу үшін де, ерекшелік керек. Ол ерекшелікті де дамыту керек. Ол үшін оқу керек. ⠀
⠀⠀
Қысқасы, өзіңізбен жұмыс жасаңыз!", - деді актриса.
Шынында, соңғы кезде үйіндегі тірлігін ғана түсіріп, өздерін "жұлдыз" санап жүрген желі қолданушылары жетерлік. Бірақ олардың оқырманға берер пайдасы жоқ! Бұл қазіргі қоғамның санасы мен дамуына да әсер етері ақиқат. Актрисаның осы ойын түсінген оқырмандары оның пікірін қолдап, өнер құнын төмендетіп жүргендерге шара қолдану керектігін жазған.
Сіз қалай ойлайсыз, қандай вайнерлерді көресіз?