«Өгей ана» деген түсініктен қорықтым»: Абай Бегей екінші әйеліне үйленгендегі сезімін жеткізді

0
1 286

«Жұмысқа кеткенде не болады екен дедім»


«Өгей ана» деген түсініктен қорықтым»: Абай Бегей екінші әйеліне үйленгендегі сезімін жеткізді

Отандық белгілі эстрада әншісі Абай Бегей екінші әйеліне үйленгендегі сезімімен бөлісті. Басында «Өгей ана» деген түсініктен қорықтым. Балалар оны, ол балаларды қалай қабылдар екен?» деп көп ойландым» дейді әнші.


– 2018 жылы үйлендік. Қостанай қаласында Азамат деген досымның беташарында таныстық. Фариза қызжолдас болып келді. Жарты жылдай сөйлесіп жүрген соң үйленуге шешім қабылдадық. Бірақ, мен жас бала емеспін. 4 балам бар. «Қалай болады?» деген ой болды. Ол тұрмысқа шықпаған жас қыз. 16 жас айырмашылығымыз бар. «Нұр-Мүбәрәк» университетін қызылмен бітірген. Өзі сол жерде араб тілінен сабақ береді екен. Қостанайдан келген соң жазсам, жазбайды. Қоңырау шалсам, алмайды. Арамызда сондай сәттер өтті. Шынын айтқанда, Алла тағалам қолдап екеуміз қосылдық. Менің риза болатыным, кішкентай екі қызымды бауырына басты. Ол кезде екі қызым да кішкентай еді. Ұлым Жалғас түсінді. Ақтаудағы Ерке қызым басында аздап қарсы болды. Әркімнің басында болады ғой.


Үйлену тойымыз болып жатқан кезде қыздар Ақтауда болды. Білмеді. Ініме «Қыздарды қыдыртып кел, инстаграмды көріп қалмасын» деп айттым. Қыдыртып жүріп телефоны бассейнге түсіп кетіп, біздің тойымызды көрмеген. Келесі күні көрші әйелдер «Папаң үйленіп жатыр» деп айтып қойыпты. Сымбат қызым «Папа, үйленіп жатсыз ба?» деп жылап қоңырау соқты. Мен иә деп те, жоқ деп те айта алмадым. Ақтауға ұшып барып қыздарымды «Тәуекел!» деп алып келдім. Алланың қалауымен Фариза бәрін бауырына басты. Қазір үйленгенімізге 5 жыл болды. Қыздарға ұрсып жатқанын бірде-бір рет көрмедім. Басында «Өгей ана» деген түсініктен қорықтым. Жұмысқа кеткенде не болады екен дедім. Ағамның, апамның балалары да біздің үйде жатып оқиды. Ешқандай ұрыс болған емес. Сол себепті Фаризаны сыйлаймын. Алла разы болсын! Бұйыртса, 10 баланың әкесі болғым келеді, - деді Абай Бегей.