​«Ол өзінің азаматтығын көрсетті»: Жұлдыз Абдукаримова Қайрат Нұртастың қамалуына қатысты пікір білдірді

0
1 673

«Балаларға ауыр тиіп жатыр»


​«Ол өзінің азаматтығын көрсетті»: Жұлдыз Абдукаримова Қайрат Нұртастың қамалуына қатысты пікір білдірді

Актриса Жұлдыз Абдукаримова күйеуі Қайрат Нұртастың 15 тәулікке қамауға алынғанына байланысты пікір білдірді. Өнер иесі Қайраттың азаматтық танытып, істеген ісін мойнымен көтергенін айтты.


«Бұдан артық үндемеуге болмады! Ешқашан жеке мәселені әлеуметтік желіде талқылаған емес едім. Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің фокусым – балаларда. Қыздар жасөспірім шақта. Ұлдар – намысшыл. Ата-анасы өнер адамы болғаны үшін неге олар қиындық көрулері керек?! Заң алдында Қазақстанның барлық азаматы бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді сіздер де доғарыңыздар! Балаларға ауыр тиіп жатыр», - деп жазды актриса «Инстаграм» парақшасына.


Айта кетейік, Қайрат Нұртас 5-шілде күні ұшақта досымен төбелескені үшін Әкімшілік жазаға тартылып, 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Осы сәтте Жұлдыз Әбдікәрімова екі ұлын алып Испанияға саяхатқа аттанып кетті.


Желі қолданушылары күйеуіне қолдау білдірмей, шет елде саяхаттап жүрген актрисаны сынап тастаған болатын. Өзіне жазылған толассыз хаттардан кейін актриса көпшілікпен байланысқа шығып, күйеуінің қамалуына қатысты пікір білдіруді жөн көрген. Әншінің келіншегі бұл жағдай балаларына ауыр тиіп жатқанын айтып, халықтан түсіністік танытуын сұрады.