«Оның несі айып?»: Бағлан Әбдірайымов лотереяға қатысты қабылданған заңмен келіспейтінін айтты

0
2 715

Министрдің соңғы мәлімдемесі Бағланның шешімін өзгертпейді. Әнші алдағы уақытта да өз өнімін саудаға салуды жалғастыра бермек.


«Оның несі айып?»: Бағлан Әбдірайымов лотереяға қатысты қабылданған заңмен келіспейтінін айтты

ERNUR.KZ. Ұтыс ойындарын жиілеткен жұлдыздарды жазалайтын заң қабылданды! Алайда, ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұл мәлімдесі әртістерге жақпай қалды деп хабарлайды Shownews.kz.

Лотерея ойындарын жиілеткен әртістердің әрекеті жоғарыдағыларға жетті. Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген жұлдыздарға жаза қолдану жайлы заң қабылданды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ресми түрде хабарлаған.

«Ұлттық лотерея операторынан лицензия алмай, инстаграмда көлігін, пәтерін ұтысқа тіккен азаматтар енді жазаланады», – деді Ақтоты Райымқұлова.

Дәл осы заңнан миллиондаған оқырманы бар шоу-бинес өкілдері де құлағдар. Енді танымалдылығын асыра пайдаланып, халықтың көзін байлағандардың әр қадамы, құзырлы органның жіті қадағалауында болмақ.
Әбдірайымов ұтыс ойындарын жиі ұйымдастыратын жұлдыздардың бірі. Десек те, қабылданған заңға Бағлан пысқырып та қарамайды. Тіпті, өзінің авторлық кітабын сату үшін тағы да бірнеше көлік, жылжымайтын мүліктерді жеңімпазға табыстаймын деп отыр.

«Өзіңнің өніміңді сатудың тәсілі. Мен кітабымды он мың оқығанын қалаймын. Енді мен сол адамдарға осы ақпаратты беруім үшін былай жеткіземін. Сіз егер осы кітапты сатып алсаңыз кітап оқырмандары ішінен мен сіздерге дайындап қойған сыйлығым бар. Оқырмандар арасынан соны анықтап, көлік иесін таңдап береміз деп отырмын», – деді Бағлан.

Иә, Әбдірайымов айтқанынан қайтпақ емес. Министрдің соңғы мәлімдемесі Бағланның шешімін өзгертпейді. Әнші алдағы уақытта да өз өнімін саудаға салуды жалғастыра бермек.

«Әрбір есті адам оңға қимылдаса да, солға қимылдаса да, отырса да тұрса да табыс табуы керек. Ақымақ адам өмірі табыс таппайды ол. Адамдарға пайда бере отырсаң, әр нәрсенің өзінің хақысы бар ғой. Одан пайда түсіп жатса, оның несі айып», – деді Әбдірайымов.

Сиви де түрлі лотерея өткізуде әлеуметтік желіде белсенді. Әнші заң шықпас бұрын екі көлікті ұтысқа қойып, желідегілермен байланыс орнатқан еді.

«Бұл ойынды құдай қаласа, бәрі жоғары деңгейде аман-есен өткізіп болсам, ары қарай ойнатпаймын. Енді заң рұқсат бермей жатса неге мен жағаласып ойнатуым керек. Оны бастап қойғаннан кейін бітіріп ары қарай көлік ойнатпаймын», – деді Сиви.

Махмуди әріптестерінің арасында ұтыс ойнатып, қарапайым халықты алдап соққан алаяқтардың барын жақсы біледі. Бірақ, бұл бикештің басты мақсаты көпшілікке шынайылықты көрсету.

"«Лохотрон» дегеннен кейін шынайылығымды дәлелдегім келді. Өйткені, бүгінге дейін көбісі алданып келе жатыр. Менен болса да халықтың кішкене жүрегіне жылулық ұялатайын деген ойымен ұйымдастырып отырмын. Үміттерін үзбесін жақсы адамдар бар деген сияқты. Себебі, менің білуімше көбінесе маған адамдар айтып жатады. Біз ұтқан жағдайда көлікті ұттың деп айтады. Бірақ, білгеніңді қыл. Саған көлікті бермейміз не істейсің ал, деп айтқан жандар болған", – дейді Махмуди.

Бұдан былай шетінен лотерея ойнатқан танымалдардың айласына алданбаңыз. Бүгінде қалтасынан қағылған халықты да, ұтыс ұйымдастарған жұлдыздарды да әзілге жақын әртістер желіде ашық түрде әжуалап жүр.