Жобаның продюсері "Астары бар" дейді.
Жұлдызай Дүйсенбиева "Жігіттер" тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымовпен бірлесе "Егіз лебіз" бағдарламасында өнер көрсетіп жүр. Жұлдызды жұп осы кезге дейін қазылар алқасының сынына жиі ұшырады.
Олардың бірі Жұлдызайдың ән айтуын сынға алса, енді бірі "Мүлде танымайтынын" айтып желіні шулатқан еді. Бәлкім осы оқиғалар шамына тиді ме екен, актриса ханым видео-блог түсіріп желіге жариялаған.
Ол "Әділ қазылардан емес екен! Негізі стол екен ғой бәрін айтқызатын" деп күлген.
Мұны көрген оқырмандары да күлкіге қарық болған. Олар тапқырлығы мен шыншылдығына разы болып, "Бағлан екеуің театр ашатын шығарсыңдар бір күні", "Жұлдызай, сіз жобадан кетсеңіз қызықсыз болады" деген пікірлерін жазып жатыр.
Ал аталмыш жобаның продюсері Алтынбек Рахметов пікірге "Астары бар" деген ойын жазыпты.