«Ұялғанынан жерге кіріп кеткен ғой»
Белгілі киноактер Берік Тұрсынбековтің жары Қарлығаш Ахметова инстаграмдағы парақшасында қызықты әрі сыни видео жариялады. Актриса жолай кездескен үйшіктерді жоғары жақтағылардың үйіне балап, «Қаңқасы жоқ, шатыры бар. Ұялғанынан жерге кіріп кеткен ғой» деп астарлы әзілмен орағытты.
– Келе жатсақ мынандай үйшіктер бар екен. Бекош айтады: «Неғып бұлардың денесі жоқ, тек қана шатыры ғана?» деп. Мен айтам: «Жоғары жақтағылардың үйлері шығар. Ұялғанынан жерге кіріп кеткен ғой. Өздері болмаса да үйлерінің ақылы бар. Үйлердің қайта ұяты бар екен. Небір жолдардың, небір дәрі-дәрмектің, жалпы халыққа деген ақшаға салынған үйлер ғой.
Негізі бұл үйлердің қатысы жоқ. Жалпы осы сәтті пайдаланып ойымды жеткізейін дегем ғой, - дейді актриса.
Желідегілер өнер иесінің астарлы әзіліне қосылып пікір қалдырды.
«Астарлап өте дұрыс айттыңыз», «Қатырдың!», «Олар еуромола салып алған ғой. Парковка, газон, бәрі бар. Үй не бопты оларға?!», «Әй, олар ұялмайды-ау! Ұялмаған соң ауыздарына тек маған, менікі деп жалмауыз боп тығып жатыр ғой. Бұл – бункер. Денесі жердің астында. Тығылып жататын жерлері. Халықтың ақшасын тығып отырады. Санаторий мен курорттарға туысқандарын жібереді. Бәрі қағаз жүзінде керемет, іс жүзінде деңгей еденнің ең астында жата берсе, біз ешнәрсеге қол жеткізбейміз, дамымаймыз» деп жазды олар.