​«Өзі мінеді»: Мадина Садуақасова 10 жастағы ұлына су жаңа көлік сатып әперді

0
5 994

«Мадинанікі асыра сілтеу, мақтану!»


​«Өзі мінеді»: Мадина Садуақасова 10 жастағы ұлына су жаңа көлік сатып әперді

Танымал әнші Мадина Садуақасова ұлы Әнуардың 10 жасқа толған туған күніне су жаңа көлік сыйлады. Жұлдызды отбасының таңдауы Lexus RX350 маркалы автокөлікке түскен.


«Әнуар машинасын ауыстырды! Су жаңа, 2024-жылғы! Өзі рульге отырады деп ойлап қалмаңыз. Ары-бері мектеп, баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық. Сіздердің де балаларыңызға жұғысты болсын», - деп халықтан сүйінші сұрады Мадина Садуақасова

.

Алайда әншінің бұл сыйлығына желі қолданушылары да, кейбір әріптестері де наразы болды. Әсіресе әнші Меруерт Түсіпбаева әріптесінің тірлігі үшін ұялатынын жеткізді.



«Менің жиырмадағы балама қымбат көлік сыйлағанымда, ол екі ай бойы ұялып, көлігін курстастары көрмесін деп, универсиеттің ауласына кірмей, тығып жүріпті. Бір көше аулақ қойып, «мама, инстаға салмашы» дегенде мен қатты қуандым. «Шүкір!» дедім.

Халқым ауру балапандарын емдете алмай қол жайып отырғанда, Мадинаның мына тірлігі ұят! Асыра сілтеу, мақтану! Мен ұялып отырмын, сөзім жоқ», - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.