​«Сараның күресетін иммунитеті жоқ»: Гүлнұр Мамасарипова қызы туралы қауесетке жауап берді

0
1 139

«Қызым менің жетістіктерімнің құнын төлеп жатқан сияқты»


​«Сараның күресетін иммунитеті жоқ»: Гүлнұр Мамасарипова қызы туралы қауесетке жауап берді

Біраз уақыттан бері әлеуметтік желіде белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп жүрген актриса, әнші Сара Амангелді «Инстаграмнан» көрінбей кетті. Ол тіпті анасы түсірген, өзі басты рөлде ойнаған «Жар-жар» фильмінің тұсаукесеріне де қатыспады.


Осыған байланысты ел ішінде неше түрлі қауесет тарады. Көпшілік оны «Жар-жар» фильміндегі актер, әнші Тұрар Ыдырыспен арасында бір байланыс болғаны үшін көрінбей кетті деп топшылады.


Ал күні кеше Сараның анасы, белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова көпшілікке жағдайды түсіндіріп берді.


«Маған қойылған сұрақтың 99,9 пайызы – Сараны іздегендер. Ол бала күнінен дүние қуған бала емес. Әзірге әлеуметтік желіден бас тартты. Жанын емдеп жатыр. Қазір адамдар өте қатыгез ғой. Ал Сарада иммунитет жоқ мүлде. Мүмкін менің жетістектерім үшін құн төлеп жатқан қыз осы шығар?!. Мен үшін оның басының амандығы ғана керек» деп жауап берді анасы.


Желі қолданушыларынан «Үш қызыңызбен бірге тұрасыз ба?» деген сұрақ түскен. Оған Гүлнұр Мамасарипова «Үшеуімен де тұрмаймын. Дана – Астанада, Сара – өз пәтерінде, Ғайникамал – Испанияда. Үйде атасы мен Айла ғана бар» деп жауап берді.


Көпшілікке «Келінжанның» жалғасы бола ма деген қызық болған екен. Продюсер оны да айтып өтті.


«Өмірімнің ең бір маңызды кезеңінде дүниеге келген «Келінжанның» миссиясы аяқталды. Сарадан басқасына «еншісін» беріп, дүниесін төлеп, атағын да, ақшасын да ұстатып, қоштастым. Ешкімнің ақысы қалған жоқ деп ойлаймын. Енді ондай жоба бола ма, жоқ па оны да білмеймін... «Келінжан» менің жүрегімде мәңгі қалады» деп әңгіменің нүктесін қойды.