"Сәтсіз проект болғаны өкінішті": Бағлан Әбдірайымов киносына қатысты пікір білдірді

0
4 288

"Қамығуға, жығылуға, күрсінуге дым желание жоқ" - дейді әнші.


Белгілі әнші Бағлан Әбдірайымовтың киносына қатысты сын мен реніштің көп болғанын жақында жазған едік. Көпшіліктің жазуына қарағанда кино қызықсыз, тіпті көрермендер залдан шығып кеткен. Ал бүгін әншінің өзі осыған қатысты пікір білдірді. Өзінің айтуынша, жаңа стиль жасағысы келген. Бірақ сәтсіз болды, десе де бұл жағдай оны қынжылтпайтынын жазған.

Бағлан Әбдірайымов: "Ееее, кім өзіне ор қазады дейсің?

Ізденіс, даму, жақсы өмірге бәріміздің жанымыз құмар.

Алайда, біз ойлаған нәрсе бола бермейді. Өте өкінішті сәтсіз проект болғанына. Қалың көрерменнің ойынан шықпады. Жаңа бағыт, жаңа стиль жасап, көременді қуантамыз деп едік…
Әттеген ай!(((
(осы орайда жаман пікір жаза беріңіз)

Бұл жағдай менің басымнан өткен, бұл жолы басқаша. Қамығуға, жығылуға, күрсінуге дым желание жоқ. Өмір бұнымен тоқтап қалған жоқ.
Адал еңбек, маңдай тер, кеткен уақыт өз жемісін берері сөзсіз. Қайдан екені АЛЛАҒА мәлім.

Деніміз сау, басымыз аман! Бұл да өтер, сенімдімін. Тағы да шыңдаламыз.

Көңіл күй, бәрі жақсы.
Тек, АЛҒА ҒОЙ!

Жақсы күнде, жақсы жаңалықпен жолығамыз!".


Бұл жазбаны оқыған әлеуметтік желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, "Сізге мықты бір сценарист керек, еңбекті көрсететін, қамықпаңыз, алар асуыңыз көп болсын", "Сіз кино саласында емес, басқа бағыт еді сіздікі. Бойыңызда құндылықтың дәнегі егілген еді. Жырпыңдаған дүние сізге сай емес" деген сынды кеңестерін жазған.

Естеріңізге сала кетейік, "Басқа вариант жоқ" киносы әншінің продюсер ретіндегі екінші жобасы болатын. Оған дейін "Зеро" атты драмалық жанрдағы фильмді ұсынған болатын. Бірақ өкінішке қарай, екі фильмі де көрермен көңілінен шыға қоймады. Бұл туралы желіде жиі жазылып жүр.