"Сенің төсің әдемі ме сонда?": Экс-депутат өзінің жасанды омырауын айтып мақтанды

0
5 374

Экс-депутаттың, қазір омырауын жалаңаштап танылған арудың негізгі мамандығы - журналист.


Журналист Аман Тасыған youtubе арнасындағы TalkLike жобасында, ел алдында омырауын жалаңаштап танылған экс-депутат атышулы «сән ханшайымы» Динагүл Тасовамен ашық сұхбат жүргізген.


Үнемі омырауын ашып елді шулатып жүретін Динагүлдің сұхбатқа да төстартқышсыз келгенін байқауға болады. Сұхбат барысы Динагүл Тасованың өмірі, ата-анасы, отбасы және қызметтері мен осы дәрежеге жеткені туралы өрбіген.

Экс-депутат подиумға кеудесін жалаңаштап шыққаннан кейін өзіне бір түндік қызық үшін ақша ұсынатындар көбейгенін айтты. Тіпті, әлеуметтік желілер арқылы сондай ұсыныспен күніне 5-6 адам хат жазады екен.

"Олардың ішінде 10 мың доллар бермек болған байшыкештер де бар. Бір шетелдік жігіт миллион теңге жіберіп, онысын куәгерлердің көзінше өзіне қайтарып берген кездер де болған", - дейді Динагүл.

Динагүлдің сахналық образын көрген жұрт әлеуметтік желілер арқылы сынап, тіпті жеңіл жүрісті қызға теңеген. Ал Динагүлдің өзі сыртынан айтылған ғайбат, қауесеттің бәрін жоққа шығарды. Мектепте де, университетте де, кейін де жігітпен жүрмегенін, тек некесіз күйеуіне ғана адал болғанын айтады.

Сондай-ақ кеудесін алғаш рет жалаңаштағанда, оған 150 мың теңге ақы төленгенін. Кейіннен аталған сомма өсіп, төртінші кезекте мың доллар мен қосымша сый-сияпатқа ие болған.

Сондай-ақ сұхбат барысында омырауын жалаңаштағаны төңірегіндегі шу туралы Тасоваға журналист Аман Тасыған ашық сұрақтар қойды.

«– Расында да неге сен таңдалдың? Қоғам неге сені назарына іліктірді? Неге сен омырауыңды аша бересің?
Мүмкін мен өзім табиғи ашық жан шығармын, бір жағынан. Өйткені, мен еш нәрсені жасырмаймын, сосын хайп үшін жасамаймын. Мысалы, маған бір образ берсе, мен соны әдемілеп сомдап шығамын. Сен бүгін дерзкая болуың керек, мінезің тік болуы керек, шайтан болуың керек десе, соны жасап беремін кәдімгідей. Өйткені, мені соған оқытып, үйретті. Сахнадан шыққаннан кейін мен кәдімгі бұрынғы Динамын. Ал халықтың айтып жүргені... түсінгенім бойынша, оларға менің сахналық образым ұнайды. Ұнағандықтан, олар соны мәселе қылып көтереді.
– Сенің төсің әдемі ме?
– Иә. Менің жасыма идеальная деп айта аламын. Өйткені, показдардың біразын көрдім. Менен кішкентай қыздардың төсі мұндай емес.
– Сенің емшектерің жасанды емшектер ғой?
– Жасанды болғанымен, ол негізі табиғи сұлулығына байланысты болады. Егер табиғи формасы әдемі болмаса, миллион жерден жасатсаң да ол олай әдемі болмайды. Табиғаттан әдемі болса, онда ол өмір бойы солай болып тұра береді.
– Не үшін жасаттың?
– Жасатқым келді. Өзімнің ішкі жан-дүнием қалады...».

Динагүл Тасова бір жылдан астам жастар маслихатының депутаты болған. Негізгі мамандығы - журналист. Журналист ретінде бірнеше газеттер мен отандық телеарналарда да қызмет атқарған. Қазір де мамандығы бойынша тұрақты жұмыс істеп жүр екен. Сән көрсету қосымша табысы көрінеді. Енді болашақта жеке кәсіп ашатын ойы бар.