"Шығыпты ғой, тығылып жүр еді": Танымал Гүлбаршын Зайырованы желіден көрген оқырмандар шулап кетті

0
6 244

Оның желіден көрінбегеніне ұзақ уақыт болып еді


Белгілі тележурналист, кәсіпкер Гүлбаршын Зайырова әлеуметтік желідегі танымал, белсенді әйелдердің бірі еді. Бірақ оның күйеуіне қатысты жағдайлардан кейін Гүлбюаршын ханым өзінің желідегі ресми аккаунттарын жойып тастаған болатын. Сонымен қатар, өзінің жиі кездесетін құрбыларымен де бірге көзге түспей кеткен еді.

Ал өткен аптада белгілі психолог Нұргүл Даубаеваның қызының қырқынан шығару рәсімінен көрініп қалды. Оның суретін желіге бірінші болып жүктеген танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова.


Суреттердің арасынан Гүлбаршын Зайырованы көрген желі оқырмандары негізгі рәсімді назардан тыс қалдырып, жүргізушіге қатысты түрлі пікірлер жазған.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлбаршын Зайырованың күйеуі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұлов болатын. Оның басы дауға қалып, қызметтен кеткен еді. Содан бері тележүргізуші де желіден алыстаған болатын.