"Таңдауымды САЙЛАУ кезінде ЖАСАЙМЫН" Мейрамбек сыртынан шешім шығарғандарға өкпелі

0
2 368

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев өзінің Тоқаевтың штабында емес екенін айтты


Фото: әншінің инстаграм парақшасынан скриншот

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев өзінің төртінші билік өкілдеріне деген ренішін білдірді. Отандық сайттардың бірі Мемлекет басшысының сайлау алды штабының сенімді өкілдерінің ішінде өнер майталмандарының бар екенін жазған. Сол тізімнен өз есімін байқаған әнші сыртымнан шешім шығарды деп сынға алды. Бұл жайында МузАрт тобының әншісі инстаграмдағы өз парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Мен ешкімнің штабына келісім берген емеспін. Сыртымнан шеше беретін болған ба? Мен өз таңдауымды сайлау кезінде жасауға құқылымын!!!P.s НұрКз алдымен біліп алып жазсаңдаршы!»,- деп жазды әнші.

Десе де, таңдауымды сайлаудың кезінде жасаймын деген әнші бұл жазбасын көп уақыт өтпей парақшасынан өшіріп тастады. Қазақтың жүректі әншісінің осы әрекетін оқырмандар түсінбей дал болып жатыр.

«Алдыңғы постыңызды неге өшірдіңіз аға?», «Ия буларда ишинен кайнап отыр,амалым канша деп,оширгенгой,скорее всего оширгизген», «Аға Тоқаевтың штабында емес. Қосановтың штабына келіңіз! Ринат ағамызбен бірге»,- деген оқырман пікірі бар.