Танымал Дина Төлепберген тұрмысқа шыққанына неліктен өкінетінін айтты

0
9 035

Мұны оқыған оқырмандары оған риза болыпты.


Танымал Дина Төлепберген тұрмысқа шыққанына неліктен өкінетінін айтты

Неліктен тұрмысқа шыққанын айтқан Дина Төлепберген ұтқыр жауабымен оқырмандарын тәнті еткен.

Бұл туралы тележурналист өзінің инстаграм парақшасына "Бүгін біздің отбасы үшін ерекше күн. 15-ші желтоқсан, тура Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің некеміз қиылды.

Күйеуім кейде сұрайды “маған тұрмысқа шыққаныңа өкінбейсің бе?“ деп. “Өкінемін“ деймін. “Яки, өмірімнің осындай боларын білгенімде, ертерек Саған шығар едім ғой! “
Неке құрмақ жастарға кеңес:
Ол маған сөз салғанда, жақсылап ойландым. Қолыма бір парақ қағаз алып, оның бойындағы 10асыл қасиетті теріп жаздым (“неге дәл осы жігітпен тағдыр қосқым келеді“ деген сауалға жауап бергендей болып). Енді ренжісіп қалсақ, сол қағазды дереу қолыма алып, оқып шығамын. Бәрі есіме түседі. Ашуым бірден басылады. Құрметім еселейді. Сені бақытты ету - менің өмірімнің мәні" деп жазды.

Журналистің отбасылық суретін көріп, кеңесін алған желі қолданушылары оған бақыт тілеп, жақсылық тілеуде.

Ал кейбірі жар таңдауда Дина Төлепбергеннің тәсілін қолданатынын айтқан.