Ұлықпан Жолдасов әріптесінің бұл сөзіне сәл шамданып қалған.
фотоколлаж: sputnik.kz.
ERNUR.KZ. Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева әріптесі Ұлықпан Жолдасовтың терлей беретінін айтып қалжыңдады, деп жазады sputnik.kz.
"Бұл жалғанда қартаймайтын бір адам бар. Ол – Ұлықпан Жолдасов. Не шашы түспейді, не әжім түспейді. Не бойы қысқармайды, не өспейді. Тек қана терлейді", - дейді актриса желіде жарияланған видеода.
Ұлықпан Жолдасов әріптесінің бұл сөзіне сәл шамданып қалып, видеоға түсіріп тұрған адамға тұра ұмтылды.
"Телефонды берші, өййй, қасқа-ай", - деп әртіс ұнатпаған кейіп танытады.