Тойға рұқсат берілгенін естіген жұлдыздардың реакциясы қалай болды?

0
3 271

«Тойға рұқсат беріпті, енді әрқайсымыз бір-бір айфон аламыз».


Тойға рұқсат берілгенін естіген жұлдыздардың реакциясы қалай болды?

Әзіл әлемінің белгілі актрисасы Жұлдызай Дүйсенбиева той туралы жаңалықты естіп, қуанышын жасыра алмады.





Тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы болса:

«Ал, әдемі көйлектеріңізді дайындай беріңіздер. Енді тойхананың артынан кірмей алдынан кіретін болдық. Қыркүйек айының 27-нен бастап, ашығыңыз жасыл болса тойдың қадірменді қонағы бола аласыз. Бәрінен бұрын мерейтой, сүндет той, бесік тойды сағынған үлкен кісілерге жақсы болды», - деп жазды.



Эстрада әншісі Бота Бейсенова енді тойларға тығылмай баратын болдық деп қуануда.

«Урааааа!!! Керемет жаңалық! Енді той өткізе беруге рұқсат! Онсыз да тойларға барып жүрміз ғой. Бірақ енді тығылмай баратын болдық та. Асханадан емес, адам сияқты парадный есіктен кіріп дегендей. Індеттің беті қайтты! Аллаға сансыз шүкір. Қазағымның тойы бітпесін. Тойда жолығайық,ағайееееен!» деген жазбаны оқуға болады.