​«Валерий Меладзені «қаладым»: Баян Мақсатқызының туған күніне күйеуі ерекше сыйлық жасады

0
5 186

Тойды Баян «Кешью» тобымен ән шырқап, өзі ашты


​«Валерий Меладзені «қаладым»: Баян Мақсатқызының туған күніне күйеуі ерекше сыйлық жасады

Елге белгілі актриса, продюсер Баян Мақсатқызы бүгін 50 жасқа толған мерейтойын Алматыдағы ең қымбат мейрамханада дүркіретіп тойлап жатыр.


Продюсердің қуанышын бөлісуге Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі мен Қарақат, Тамара Асар, Жанар Айжанова бастаған өнер жұлдыздары арнайы барған. Баян Алагөзова өзі негізін қалаған «Кешью» тобымен бірге ән шырқап, тойдың шымылдығын ашып берді.



Той басында сіңлісі Баян Мұхитденова әпкесіне арнап ән шырқады. Сондай-ақ Баян Мақсатқызының өнердегі, өмірдегі бүкіл жетістігі, жүріп өткен жолдары жайлы естелік бейнебаян көрсетілді. «Саған денсаулық тілеймін. Молшылық тілеймін. Өмірде әртүрлі жағдай болады. Саған Құдай Тұрсынғалиді берді, екеуің бірге қол ұстасып, бақытты ғұмыр кешіңдер» деп тілек білдірді Баянның анасы. Сосын құдасы Тұрым Алагөзовпен бірге ән шырқап, қонақтарды таң-тамаша етті.


Тойдың тосынсыйы Баян Мақсатқызының Ресейдің атақты әншісі Валерий Меладземен дуэт орындауы болды. «Мен теледидардан алғаш рет Валерий Меладзені көргенде өзіме «Күндердің бір күнінде Меладземен ән шырқаймын» деп сөз берген едім. Сол арманым бүгін орындалды. Бұл үшін сүйіктіме ерекше алғыс айтамын. «Тойыңа не сыйлық алғың келеді?» деп сұраған еді, ойланбастан «Валерий Меладземен ән шырқағым келеді» деп жауап бердім. Ал ол қалауымды орындады» деді Баян Мақсатқызы.




Тойдың дресс-коды ретінде қызыл және қара түс таңдалған. Сол себепті Баян Мақсатқызы үш образ ауыстырды. Алдымен қызыл, сосын қара көйлекпен шықты. Ал өнер жұлдыздары осы тойға арнайы көйлек тіктіргендерін айтып мақтанды. Тележүргізуші Анна Данченконың бүгінгі образы арнайы, 1 миллион теңгеге тіктірілген екен. «Менің көйлегімді Баянның өзі арнайы тіктірді. «Сен бұл тойға Элизаветта ханшайым сияқты шығуың керек» деді. Соны орындауға барынша тырыстым» деп сұхбат берді Баянның анасы.