«Заңгерге жүгіне алады» : Мақпал Жүнісова «ИК»-ның жігіттерімен сотта кездесуі мүмкін

0
1 394

«Болар елдің балалары бірін-бірі батыр дейді, болмас елдің жігіттері бірін-бірі қатын дейді»


«Заңгерге жүгіне алады» : Мақпал Жүнісова «ИК»-ның жігіттерімен сотта кездесуі мүмкін

«Ирина Қайратовна» тобы жарыққа шығарған «Отыздан асып барамын» фильмі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Фильм барысында қазаққа танымал тұлғалардың да бейнесі көрсетілген. Соның бірі – Мақпал Жүнісова. Фильмдегі Мақпал Жүнісова өмірдегі Мақпал Жүнісоваға ұнамай қалғаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.


Кино режиссері Қуаныш Бейсеков әлеуметтік желіде фильмнің мақсат-мүддесі туралы ағынан жарылған еді.

«Мен жан-тәніммен Қазақстанның дамуын қалаймын. Барлық жасуша, клеткаларыммен патриотпын. Бәріміз бірге жетейік! Бір-бірімізді қолдайық. «Болар елдің балалары бірін-бірі батыр дейді, болмас елдің жігіттері бірін-бірі қатын дейді», - деп жазды.


Ал заңгер Абзал Бекбосынов: «Бұл жерде нақты айтып кететін болсақ, ҚР Азаматтық кодексінің 142 бабында көзделген мүліктік емес ар-намысына тию, қадір-қасиетін қорлау бабымен әншінің құқығы бұзылып отыр. Мақпал апамыз бұл мәселенің барлығын жинап, заңгерлердің көмегіне жүгінуге құқылы», - деп айтты.

Айта кететін нәрсе, ары қарай мән-жайдың қалай өрбитіні белгісіз. ҚР халық әртісі өз сөзінде "Соттасып жүруге уақыты жоқ екенін", бірде "Менің бейнемді сомдаған эпизодтарды қырқып тастасын, әйтпесе сотта кездесеміз" деп кесіп айтқан болатын.