Жалаңаш тәнді бейнелеп торт жасатқан Қазақ аруының жеңімпазы сынға қалды

0
4 030

Наннан ұятсыз дүние жасатқан арудың ісі көпшіліктің сынына қалған.


Жалаңаш тәнді бейнелеп торт жасатқан Қазақ аруының жеңімпазы сынға қалды

Танымал продюсер Баян Алагөзованың ұйыдастыруымен өтетін жыл сайынғы "Қазақ аруы" байқауының 2020 жылғы жеңімпазы Алматы облысының тумасы Нарқыз Айдарованың қызойнаққа жасатқан торты әлеуметтік желіні шулатты. Бұл туралы qaz.stars инстаграм парақшасында жарияланды.

"Қазақ аруы - 2020 Наргиз жуырда күйеуге шықпақ. Сұлудың таңдауы "Бір тоқсан" сериалындағы актер жігіт Аман" - деп жазылған парақшада. Сонымен қатар, арудың тортты ұстап тұрған фотосы қоса жарияланған.

Наннан жалаңаш дене мүшесін жасатқан арудың ісі көпшіліктің сынына қалған.

"Абыройыңды айрандай төктің ғой, атыңа затың сай емес екенсің. Кезінде жұртта аштан өлгелі жатқан атамыз біз жақсы кезде өмір сүрдік, ұрпағыма қиын болады депті: Құдай бізді аштықпен сынауда, аш адам Құдайға жақын болады деген екен, ұрпағымды тоқтықпен сынайды депті, тоқ адам Құдайын да, иманын да ұмытады деген екен,,,соның салдары осы тоқтықтан наннан к...т жасатып, әй, ұятсыздарым-ай", "Қыз ауруы деген дұрыс болар", "Не болды енді. Жиіркенішті ғой. Оданда әдемілеп гүл салдырмай ма, тамақты қорлағанша" -деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.