Желіде ересек адамның тұсауын кесіп жатқан видео тарады (видео)

0
2 532

Ересек жігіт кілемше үстімен тәй-тәй басып орамалды таңдады.


Желіде ересек адамның тұсауын кесіп жатқан видео тарады (видео)

Әлеуметтік желіде ересек адамның тұсауын кескен видео тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары сәбидің алғашқы қадамына арналған салт-дәстүрдің не себепті ересек ер адамға жасалғанын түсіне алмаған. Бейнежазба ana_bahyty инстаграмм парақшасында жарияланған.

Видеода ер азаматтың тұсауын кесіп жатқан әйел адам оған бір басы екеу, қадамы оң болуын тілеген. Ал жігіт кілемше үстімен жүріп өтіп, алдындағы заттар арасынан орамалды алып кеткен.

"Бұрыннан бар ырым, уйленбей жүрген жігіттердің тұсауын кеседі", Негізі уйлене алмай жүрген жігіт-ау орамал алды ғой", "Салт-дәстүр өзгерген болар, заманына, адамына қарай", "Қазір сұр бойдақ қайнағалар көп,сол үйленсін деп жақсы ниетпен тұсауын кеседі",- деп жазады желі қолданушылары.

Ал кейбірі "Жолы болмай жүрген адамдар, бұрын тұсауы кесілмеген ,жақсы, ақылды жолы болғыш адамдарға ырым қылып кестіреді, оның несі айып", "Мұндай ырым көрмедім, естімеген елде көп деген осы болар", - деп болжаған.

Айта кетейік видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.