Ақпараттар ағымы

Атырау облысында құрылысқа бөлінген 467 миллион теңгені жымқыру дерегі анықталды

ҚМА мәліметінше, серіктекстіктің 79 миллион теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды.

Қазақстан мұнайының 97% Ресей порттары арқылы экспортталады – Энергетика министрлігі

Ведомство берген дерекке сүйенсек, жылдың алғашқы 5 айында Қазақстан Каспий құбыр консорциумынан басқа ресейлік теңіз порттары 4 млн тоннадан астам мұнай экспорттаған.

Біріккен газ-химия зауытында пропан беру басталды

Зауытта өндірісті іске қосу тамыз айына белгіленген.

18 мыңнан астам шымкенттік әлеуметтік жәрдемақыны SMS арқылы рәсімдеген

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 1000-нан астам әйел рәсімдеген.

Қаңтар оқиғасы кезінде "қару ұрлаған" алматылық 6 жылға сотталды

Оған Қылмыстық кодекстің "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу" деп аталатын 291-бабы бойынша айып тағылған.

Елімізде куәлік пен төлқұжат алу үшін баж салығынан кімдер босатылады

ҚР Салық кодексіне сәйкес, клиенттердің белгілі бір санаты мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

"Барыс" канадалық шабуылшымен келісімшартқа отырды

Біржақты келісім бір маусымға жасалған (2023 жылғы 30 сәуірге дейін).

Ақмола облысында инкассаторға шабуыл жасалды

Бір тәулікте екі күдікті қамауға алынды. Белгілі болғандай, олар бұрын осы инкассаторлық компанияда жұмыс істеген.