Зауытта өндірісті іске қосу тамыз айына белгіленген.
ERNUR.KZ. Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. компаниясы Атырау қаласындағы біріккен газ-химиялық зауытында іске қосу-реттеу жұмыстарының бірінші кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлады, деп жазады baq.kz.
Зауытта технологиялық қондырғыларға пропан беру басталды. Осы аптада компания іске қосу – реттеу жұмыстарының екінші кезеңіне - пропанды дегидрлеу реакторларына катализаторды жүктеуге кіріседі. Зауытта өндірісті іске қосу тамыз айына белгіленген.
Зауытта Теңіз кен орнынан жеткізілетін пропаннан полипропилен өндіріледі. Бұл - пластикалық жіптер, құбырлар, пленкалар, сөмкелер, медициналық және басқа да өнімдерді өндіруге арналған негізгі шикізат.
Зауыттың қуаттылығы жылына 500 000 тонна полипропиленді құрайды.