​БИДАЙ ұнынан дайындалған НАН жейтіндер МЫНА ауруға шалдықпайды

0
5 785

Сіз және біз білмейтін 10-нан астам пайдасы бар


​БИДАЙ ұнынан дайындалған НАН жейтіндер МЫНА ауруға шалдықпайды

фото: artfile.ru

Денсаулығына алаңдайтын кез келген адам бидай ұнын қорек ету керек. Дәрігерлер де бұл кеңесті мақұлдайды. Себебі алтын дәннің саулығымыз үшін тигізетін пайдасы орасан.

Бидай дәнінің құрамында көмірсу, тағамдық талшық және ақуыз өте аз. Есесіне антиоксидантқа бай. Әсіресе каротиноид пен бета-каротиннің қайнар көзі. Ал бұл заттар өз кезегінде ағзаны қуаттандырып, белсенділікті арттырады. Денсаулықты жақсартып, ұзақ өмір сүруге септігін тигізеді.


Бидай дәнінен дайындалған нан өнімдерін үзбей жейтіндер мына аурудан сақтанады:

фото: tumencevo.bezformata.com

Артық салмақтан арылтады

Егер сіз үйдегі тағамды бидай ұнынан дайындасаңыз, семіздікке жол бермейсіз. Макарон, вермишельдің орнына бидай ұнынан кеспе әзірлеңіз. Нан пісіріңіз. Егер артық салмақтан арылуды мақсат етсеңіз, тамақтану мәзіріне бидай ұнынан әзірленген өнімдерді көбірек қосыңыз.


Күш-қуат береді

Алтын дән деп жоғары бағаланатын бұл дән B дәруменіне бай. Ал бұл дәрумен адамды ұзақ уақыт тоқтықта ұстайды. Есесіне қимыл-қозғалысы шапшаң болып, белсенділігі артады, күш-қуаты тасып, жігерленеді.


Диабет ауруының алдын алады

Бидай ұнының өнімдерін үзбей жейтіндер диабет ауруынан сақтанатын көрінеді. Аталған дерттің дендеуіне жол бергіңіз келмесе, басқа дәнді ұмытыңыз. Оның орнын бидай дәніне толтырғаныңыз дұрыс.


Буын ауруын болдырмайды

Құрамындағы бетаин заты ревматикалық аурудың қозуына жол бермейді. Остеопороз ауруының алдын алады. Сүйекті, буынды түрлі дерттен қорғай алады.


Өт жолына тас байламайды

Бидай дәнін көп жейтіндердің өтінде тас болмайды әрі өт жолдары кез келген аурудан сақтанады. Мұны америкалық гастроэнтерологтар анықтаған. Мамандар бұл қорытындыға бидайдың құрамындағы ерімейтін жасұнық арқылы көз жеткізген екен. Аталған жасұнық өт қабын аурудан қорғайды.

фото: gor-polyana.ru


Әйелдердің денсаулығын жақсартады

Бидай – әйелдерге өте пайдалы. Олардың қуатын арттырып, күшін еселейді. Алтын дәннің құрамындағы фолий қышқылы мен B дәрумені бедеулік, сүт шықпау, климакс сынды аурудың алдын алуға ықпал етеді.


Демікпе дертінен сақтайды

Бидай өнімін тұтынатындардың 50 пайызы демікпе дертінен алыстығы дәлелденген. Әсіресе бидай наны мен балықты көп жеген балаларда бұл дерттің көрінісі мүлде байқалмаған. Өздеріңіз білетіндей демікпені қоздыратын магний элементі мен Е дәруменінің тапшылығы. Ал бидай дәні бұл екі пайдалы затқа бай.


Жүректі қорғайды

Тағамдық талшыққа бай тұтас дәнді өнім жүректің де саулығын жақсартады. Оған қоса, қан қысымын реттеп, жүрек талмасын болдырмайды. Одан бөлек, атеросклероз бен инсульттан сақтайды.


Ішектің жұмысын жеңілдетеді

Бидай өнімі ішектің «дәрісі» болып табылады. Оның құрамындағы жасұнық ішектің жұмысын жеңілдетеді. Уақытылы ішкен-жегенін оңай қорытып, үлкен дәретті реттейді. Ммикробиотиктің қызметін атқаратын бидай өнімін жиі жейтіндер іш қату, іш өту, ішек суықтау сынды ауруға шалдықпайды.


Терінің сұлулығын арттырады

Бидай ұнының құрамында селен, мырыш пен Е дәрумені теріні нәрлендіреді. Түрлі безеу, бөртпе, дақпен күреседі. Бидай өнімін жиі тұтынатындардың терісі таза, жылтыр әрі тегіс болады.


Шаштың саулығын жақсартады

Құрамындағы мырыш шаштың да саулығына жауапты. Шашыңызды жылтыратып, қалың әрі қайратты болып өсуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, сірке, бит, қайызғақ секілді жаман нәрселерден сақтайды.


Көзге де пайдасы мол

Бидайдың құрамындағы Е дәрумені, ниацин мен мырыш көздің саулығын арттырады. Бидай ұнынан әзірленген өнімді жиі тұтынатындардың көзіне сары, ақ дақ түспейді, су қараңғылық ауруынан сақтанады. Ал лютеин көздің көру қабілетін арттырады.


Көңіл-күйді көтереді

Бидайдың құрамындағы темір, фолий қышқылы, B және E дәрумені серотониннің жақсы бөлінуіне ықпал етеді. Нәтижесінде адамның көңіл-күйі көтеріліп, депрессия, стрестен сақтанады. Өзін жайлы, қауіпсіз әрі тыныш сезінеді.


Бидай дәні – өте бағалы азық. Кез келген сауда орындарынан табылады әрі қолжетімді бағада сатылады. Кез келген тағам дайындауға болады. Денсаулығын бағалап, ұзақ өмір сүруді қалаған адамға таптырмайтын азық екенін ескертеміз. Ендеше, арзан әрі пайдалы тағамды жиі жеуге тырысыңыз.


Дереккөз: kubnews.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАУЫР ауруымен күресудің ЕҢ ОҢАЙ жолын білесіз бе?


СТРЕСС мына ДЕРТТІҢ қозуына себепші болады


ТҰМАУДЫ мына ДӘРІМЕН емдесеңіз ТЕЗ жазылады