"​Ашумен айтылған сөз өкінішке ұрындырады": келіншек отбасындағы дау-жанжалды болдырмаудың себебін айтты

0
168


Сурет: ru.pinterest.com

ERNUR.KZ порталының әлеуметтік желідегі аккаунтына келіншектің жазған хабарламасы кейде болмашы ғана деталь, бір-ақ ауыз сөз, қысқа ғана оқиғаның үлкен маңызы болатынының дәлелі іспетті.


"Бір күні күйеуім жұмысынан кешікті. Жүрегім алай-дүлей. “Бір жамандыққа ұрынып қалды ма?” деп уайымдап, енем екеуміз есікке қарап отырдық.

Сағат түнгі үшке таяғанда есік ақырын ашылды. Күйеуім әрең кірді. Мас екені бірден байқалды. Бұрын-соңды оны мұндай күйде көрмеген едім. Ашу, реніш аралас сезімдер билеп дау шығарып, ұрысып тастауға дайын тұрмын.

Бірақ енем "Қызым, қазір сөйлесудің уақыты емес. Ертең сөйлесесің. Ашумен айтылған сөз өкінішке ұрындырады" деді байсалды үнмен. "Бірақ, апа... ішіп келу деген..." - деп едім, "Иә, бұл жақсы емес. Бірақ бүгін ұрыссаң, ол ертең түзеліп қалмайды. Ал сен тыныш қарсы алып, ертең ақылмен сөйлессең, ойлануы мүмкін" деді.

Енемнің осы сабырлы, терең сөздері менің бойымдағы ызаны су сепкендей басты. Сол түні күйеуіме ештеңе деместен ұйықтауға жаттым. Таңертең ол ұялып, кешірім сұрады. Екеуміз ашық отырып сөйлестік. Ол мұндай күйде үйге келудің ұят екенін түсініп, екінші рет ондай қателікке бармады."