"Адамдардың денсаулығы жайлы алғаш рет ойландым"

0
2 941

Шымкент қаласында орналасқан «Asyl Arman» корпорациясы бүгінде консалтинг, сауда секілді салаларда жиі бой көрсетіп жүр, жақында ауыл шаруашылығына да қадам басты. Ал бұл кәсіптің іргетасын 2005 жылы ерлі-зайыпты Алма Архабаева мен Болат Өтемісовтер бірге қалаған болатын. Олар бұл істі нөлден бастады.


Шымкент қаласында орналасқан «Asyl Arman» корпорациясы бүгінде консалтинг, сауда секілді салаларда жиі бой көрсетіп жүр, жақында ауыл шаруашылығына да қадам басты. Ал бұл кәсіптің іргетасын 2005 жылы ерлі-зайыпты Алма Архабаева мен Болат Өтемісовтер бірге қалаған болатын. Олар бұл істі нөлден бастады.


Қазір «Asyl Arman» брендімен пайдалы шөптер, бал мен басқа да табиғи компоненттерден құралған биоқоспалар шығарылады. Мұнда бал және майдан жасалған бальзамдар, шөп шай, қара тмин майы, сұйық кальций, сорбент гель, эфир майлары, шөп қосылған көк шай, косметикалық бальзамдар, тазалыққа қажетті тауарлар – бас-аяғы 60 түрлі тауар түрі өндіріледі. Оның барлығы тамақ қоспаларының мемлекеттік реестріне енгізілген. Сапасын қазақ тағамтану академиясы растаған. Халал стандартына сай. «Asyl Arman» өнімдері талай көрмелерде топ жарып жүр. Талай додада үздік өнім атанған.

Ерлі-зайыпты кәсіпкерлер бизнестегі ізденісін сонау 1996 жылы бастаған. Ақыры Болат пен Алма өз компаниямызды құрамыз деп шешті. Басты талап – өнімнің сапасы, қазақстандық өндірушілермен ынтымақтастық орнату және сауатты басқару жүйесін құру болды. Бүгінде компания «Phyto-Apipharm», «Зерде-Фито», «Темірлан-май» секілді отандық өндіріс орындарымен әріптестік орнатқан. Сұйық кальций мен эфир майлары «Асыл арманның» «Fortex-KZ» және «Asyl Arman Herbs» атты өз компанияларында шығарылады. Әр өнім міндетті түрде клиникалық апробациядан өтеді.

Арада сегіз жыл өткенде компания әлеуетті корпорацияға айналды. Оның құрамына саналуан саладағы 9 компания кіреді. Бүгінде «Асыл арман» бірнеше юбағытта дамып жатыр, атап айтқанда консалтинг, сауда-саттық, өндіріс. Мысалы, «Асыл арманға» тиесілі «Жетістік академиясы» тренинг орталығы бірнеше рет бүкіл әлемге танымал бизнес-тренер Брайан Трейсидің семинарларын өткізіп, зор абыройға ие болды. Сонымен қатар, қайырымдылықпен де белсенді түрде айналысады.

«Бұл компанияның тарихы 20 жыл бұрын, Ресей және француз кәсіпкерлерімен кездескен кезде басталды. Ол заманда бизнес деген өңім түгілі, түсіме де кірмеген еді. Олар түрлі кедергілерге қарамастан бизнес толқынын Қазақстанға әкелді. Сол сәттен бастап өмір мен бизнестің мәнін зерттей бастадым. Алғаш рет адамдардың денсаулығы жайлы ойландым. Компанияны ашқан кезде біз халықтың денсаулығын жақсартуды ойладық», - дейді Алма Нұралқызы.

Алғашында биоқоспалар, бальзамдар өндірілді. Сосын шөп шай, гигиеналық заттар, осылайша өндіріс аясы кеңейе берді.

«Ең басты жетістігім – тұтынушыларымның артқан сенімі. Қазір біздің тұтынушылардың саны 70 мыңнан асып кетті. Олардың қалай сауыққанын, денсаулығы қалпына келіп, жасарғанын көргенде, мақсатыма жеткенімді түсіндім. Сонымен бірге, талай беделді сапа рейтингінде үздіктер қатарынан көріндік. Бұл жай ғана сөз емес, бұл шынымен де пайдалы іспен айналысып жатқанымызды білдіреді. Біздің ендігі мақсатымыз – өнімдерімізді шет мемелкеттерге тарату. Атап айтқанда Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Монғолия, Беларусь секілді елдердің нарығын бағындырсақ та, әзірге жаман емес», - дейді компания басшысы.

Бес баланың анасы отбасы мен кәсіпті сауатты үйлестіре біледі. Алма Архабаева дәстүрді сақтап, ұлттық құндылықтарды қастерлеп, балаларды дұрыс тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлетінін айтады.

Ernur.kz