​Мақсатқа ЖЕТКІЗЕТІН өте жеңіл ӘДІС

0
224

Тек 21 күн жаса, нәтижесін өз көзіңмен көресің!


​Мақсатқа ЖЕТКІЗЕТІН өте жеңіл ӘДІС

Фото: pexels.com

Адам өмірінде бәрі ойдан басталады. Не жазамыз, не ойлаймыз – соның бәрі біздің шынайы өмірімізге айналады. Табысты адамдардың көбі – мақсаттарын тек ойлап қана қоймай, жүйелі түрде жаза білген адамдар.

Солардың бірі – әлемге танымал мотивация маманы, бүкіл елге белгілі кітаптардың авторы Брайан Трейси. Ол 70 елден астам жерде семинар өткізіп, миллиондаған адамға өз армандарын іске асыру жолын үйреткен.

Трейсидің ең танымал әдістерінің бірі – “21 күндік мақсат жазу техникасы”. Бұл – қарапайым, бірақ өмірді түбегейлі өзгертеді. Сен де небәрі 21 күніңді арнап, байқап сынап көр.


Орында!

Күн сайын таңертең таза бір парақ қағаз алып, 10 мақсатыңды қазіргі шақта жаз. Яғни, олар әлдеқашан орындалғандай етіп жазасың. Мысалы:

  • "Мен ай сайын 700 000 теңге табыс тауып жүрмін"
  • "Мен күнде таңертең сағат 5-те тұрып, екі сағат уақытымды өзіме арнап, тұлғалық дамып жатырмын".
  • "Менің ризық-несібем күннен-күнге көбейіп жатыр" т.б.
  • Мақсатыңды нақты, қысқа, өлшенетін етіп жаз.

Маңыздысы – қазіргіден 2-3 есе жоғары деңгей таңда. Өйткені ми бірден “мүмкін емес” мақсатты қабылдамайды. Ал кішкентай, бірақ нақты қадамдарға сенеді.


Ереже: Күн сайын қайта жаз!

Мақсаттарыңды әр таң сайын қайтадан жаз, бірақ алдыңғы параққа қарама. Бұл – сананы жаңадан бағдарламалау тәсілі. Бірнеше күннен соң миыңда бір сигнал пайда болады: “Бұл нәрсе мен үшін маңызды екен”. Осы сигнал – ішкі энергияны, шабытты, жаңа мүмкіндіктерді тартатын күш.



21 күн ішінде не болады?

1-4 күн: Өз-өзіңді ыңғайсыз сезінуің мүмкін. “Мен не жазып отырмын?” деген күмән тууы табиғи.

5-7 күн: Жалқаулық пен еріншектік басталады. “Бүгін жазбай-ақ қояйын...” - дейді ішкі дауысың. Бірақ дәл осы кезде берілмеу маңызды.

10-күннен кейін: Қызық басталады. Айналаңдағы адамдар, оқиғалар, мүмкіндіктер саған бағыт беріп тұрғандай сезіле бастайды.

14-күні: Бұл әрекет автоматты әдетке айналады.

21-күні: Сенің миың жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істей бастайды. Бұл – енді жай жазу емес, жаңа “Менің” қалыптасуы.


Мысалдар

Қарым-қатынас саласында:

“Мен отбасыммен жылы, түсіністікке толы қатынаста өмір сүріп жатырмын”

Күн сайын жазып жүрсең, миың сол бағыттағы шешімдерді қабылдай бастайды: жұмсақ сөйлеу, ренішті ұмыту, мейірім таныту. Бір айдан соң айналаңдағы адамдар да өзгереді.


Денсаулық саласында:

“Мен өзімді сергек сезінемін, әр таңды жеңіл жаттығумен бастаймын”.

Бастапқыда бұл жай сөз сияқты көрінеді, бірақ санаға еніп, таңертең ерте тұру, дұрыс тамақтану әдетін қалыптастырады.


Брайан Трейси айтқандай: “Мақсат – көрінбейтін нәрсені көрінетінге айналдыратын күш”. 21 күн – қысқа мерзім, бірақ дәл осы 21 күнде сенің ішкі әлемің мен ойың өзгере бастайды. Ең маңыздысы – жазуды бүгіннен бастау. Керек нәрселер бар болғаны – таза парақ, анық ниет, сенімді жүрек. Ал бұлар сенде бар, олай болса дәл қазір баста, жаз.

Дайындаған: Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Тойды ҚАЛАЙ артық ШЫҒЫНСЫЗ әрі сәнді ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?

Адамды ауру қылатын 4 жағдай