​Мазалаған сұрағыңызға ТЕЗ жауап табудың әдісі

0
290

Бұл әлемге белгілі коуч, ми мүмкіндіктерін зерттеуші Джон Кехон ұсынған әдіс.


​Мазалаған сұрағыңызға ТЕЗ жауап табудың әдісі

Фото: ЖИ

Кейде бір мәселенің дұрыс шешімін таппай қиналамыз. Жақын-жуықтың бәрінен «Не істеймін?», «Менің орнымда болсаң не істер едің?» деп сұраймыз. Ұтымды жауап таппай, тағы да сол сұрақпен алысамыз. Сізді де қазір бір сұрақ мазалап жүр ме?

Әлемге әйгілі коуч, ми мүмкіндіктерін зерттеуші Джон Кехо нағыз шешім біз ұйықтағанда, санамыздың терең қабатында піседі дейді. Ол өзінің «Түпсана бәрін істей алады» атты еңбегінде адамның ішкі түйсігімен жұмыс істеудің ерекше жолдарын ұсынады.

Джон Кехоның айтуынша, түпсанамыз біз ұйықтағанда да тоқтамайды, керісінше, сыртқы шу басылғанда ол белсенді жұмысқа көшеді. Ол мазалаған сұраққа түс арқылы жауап алуға болатынына көз жеткізген.


Әдістің орындалу тәртібіне келсек, келесі маңызды ережелерді сақтаңыз.

1. Алдымен, дене мен ойды босаңсытыңыз. Ол үшін аяқтарыңыздың ұшына назар аударып, ойша асықпай басыңызға дейін шолып шығыңыз.

2. Джон Кехо ұсынған мына үш сөйлемді айту арқылы түпсанаға нақты тапсырма беріңіз. Оларды келесі реттілікпен айтыңыз:

  • Маған қазір есімде қалатын түс кіреді (Бұл - санаға түсті ұмытпау туралы берілген бұйрық).
  • Сол түсте сұрағыма жауап аламын (Бұл - ақпараттың келу арнасын бекіту).
  • Өзіңіздің нақты, шынайы сұрағыңызды қойыңыз. Мысалы: «Ай сайын ұалай миллион теңге табамын?», «Қазір қай бағыт мен үшін дұрыс?», «Машина алуыма не кедергі болып жүр?», «Жаңа жобаны бастау үшін маған қандай нақты қадам жасау керек?» т.б. Осы секілді өзіңіздің өзекті сұрағыңыздың біреуін қайталап айтыңыз. Бір ғана нақты, түсінікті сұрақ қойыңыз. Түпсанаға бұлдыр емес, өте анық сұрақ керек.

Осы ретпен жай ырғақпен ұйықтап кеткенше қайталай беріңіз. Сұрағыңызды ойша санаңызда айналдыра беріңіз.

Маңызды: Сөйлемдерді өзіңізді қинап немесе күштеп емес, жай ырғақпен, сабырмен, сеніммен қайталау қажет. Бұл жай ғана сөздерді жаттанды қайталау емес, бұл - өзіңіздің ішкі «меніңізбен» байланыс орнату.


Түс арқылы берілген жауапты қалай білеміз?

Жауап әрқашан бірдей форматта келмеуі мүмкін. Көбінесе жауап түс арқылы символдар, белгілер немесе нақты оқиға ретінде келеді. Ал кейде таңертең оянғанда сізде күтпеген жерден «Эврика!» дегендей дайын шешім немесе тың идея пайда болады.

Егер жауап келмесе не істеу керек?

Егер бірінші түні ештеңе сезбесеңіз немесе түс көрмесеңіз, бұл қалыпты жағдай. Түпсана кейде баптауды қажет етеді. Мұндай жағдайда келесі түні тағы да қайталаңыз. Жауапқа түсінбесеңіз, келесі түні тағы да осы әдісті қайталау керек. Өйткені жүйелілік пен төзімділік - бұл әдістің басты кілті.

Джон Кехо бұл әдісті жүйелі түрде қолдану арқылы адам өзінің түйсігін жоғары деңгейге көтере алатынын айтады. Ал түйсік шыңдалғанда, түпсана - сіздің ең жақсы кеңесшіңіз екенін түсінеп, өміріңіздегі күрделі сұрақтардың шешімін оңай таба бастайсыз.

Дайындаған: Жазира Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Бақытты НЕКЕНІҢ ТӨРТ ТІРЕГІ

Осы 5 қадам ЖАСАЛМАЙЫНША өміріңіз ешқашан ӨЗГЕРМЕЙДІ