Осы 5 қадам ЖАСАЛМАЙЫНША өміріңіз ешқашан ӨЗГЕРМЕЙДІ

0
210

Бұл өмірді өзгерту туралы жазылған мыңдаған кітаптың түйіні. Сондықтан дайын формула ретінде қолданып, өзгеріңіз, өзгертіңіз!


Осы 5 қадам ЖАСАЛМАЙЫНША өміріңіз ешқашан ӨЗГЕРМЕЙДІ

Фото: Google Gemini ЖИ арқылы жасалды

Өмірді өзгерту – бұл жай ғана сыртқы декорацияларды ауыстыру емес. Кванттық психология тұрғысынан қарасақ, сіздің сыртқы дүниеңіз – ішкі күйіңіздің, сенімдеріңіз бен вибрацияңыздың айнадағы проекциясы. Сондықтан үйді, киімді, жұмысты, қаланы немесе имиджді ауыстырғанмен, ішкі бағдарлама өзгермесе, «ескі сценарийлер» қайталана береді, қайталана береді. Яғни өзгеріс болмайды!
Ал өзгеріс мына бес қадам жасалғанда ғана басталады. Қарапайым көрінер, бірақ сіз осы бес қадамнан өткеннен соң бұл қадамдардың қуатын көресіз.



1-қадам: ҚАБЫЛДАУ

Есте ұстаңыз, өзгеріс – қазіргі «А» нүктесін мойындаудан басталады. Мәселен, «А» нүктесі – ұйқышыл, ауруы, уайымы, қарызы көп, жалақысына, денесіне, үйіне, өміріне көңілі толмайтын Мағрипа делік. Мағрипа қалауындағы «Б» нүктесіне жету үшін қазіргі «А» нүктесіндегі жағдайын шын көңілмен қабылдауы керек.

Сіз де өзіңізді алдауды, «бәрі жақсы» деп маска киюді, кейбіреуге қарағанда шүкір ғой деп жасыруды тоқтатыңыз. Оңашада мұңайтатын, жылататын мәселеңізді, жағдайды сол күйінде қабылдаңыз. Мысалы, «Иә, қазір менде қарыз көп. Иә, мен қателестім. Қазіргі күйім осындай». Жұртқа жар салудың қажеті жоқ, тек өз-өзіңізге мойындасаңыз жеткілікті. Және «жұрт не дейді?» деп қуыстануды доғарыңыз. Неге?
Қарсыласу, қысылу, қуыстану, күмәндену, өзін-өзі кінәлау – энергияны жұтады, ал қабылдау сол энергияны босатып, шешімге бағыттайды. Қабылдау – бұл тағдырға көну емес, бұл «диагнозды» қою. Диагноз қойылмай, ем басталмайды.


2-қадам: ӨЗІҢДІ СҮЮ

Қанша білікті стилистерге барсаңыз да, ең қымбат көйлекті киіп, француз иіссуын сеуіп, ай сайын миллиондарды тапсаңыз да, өз-өзіңізді сүюді үйренбейінше, ішкі күйіңізде өзгеріс болмайды. Өзіңді сүю бұл – өзіңді сынауды, кінәлауды, кемсітуді және өзгелермен салыстыруды тоқтату.

Есте ұстаңыз, сіз өзіңізге қандай көзқараспен қарасаңыз, әлем сізге сондай мүмкіндіктер береді. Өзіңізді «Жолым болмай-ақ қойды. Қолымнан түк келмейді. Қатарымнан соңында қалған сорлымын» деп санауды тоқтатқанда ғана өсу басталады.


3-қадам: ТӘРТІП

Тәртіп – бұл өзіңді жазалау емес, бұл өзіңе берген уәдеңді орындау. Бұл – бүгінгі өткінші «қаламаймын» деген сезімді болашақтағы үлкен мақсатқа құрбан ету.
Тәртіп ұсақ түйектен басталады: ерте тұру, төсекті жинау, жарты сағат дене жаттығуы, күніне 2 литр су ішу, уақытылы ұйықтау т.б.

Күнделікті жоспарды орындау мида дофамин бөліп, сіздің «Мен істей аламын!» деген ішкі сеніміңізді бекітеді. Өзіңізге сенімділік артқанда арманыңыздағы өмірге жетуге деген күш пайда болады.


4-қадам: АВТОРЛЫҚ ПОЗИЦИЯ

Өміріңізде болып жатқан барлық нәрсеге (мейлі ол жағымсыз болса да) 100% жауапкершілік алыңыз. Кінәлілерді іздеуді (үкімет, ата-ана, экономика, тұрып жатқан жер, дұрыс таңдалмаған мамандық т.б) тоқтатыңыз. «Бұл жағдайға мен қалай келдім және одан шығу үшін не істей аламын?» деген сұраққа көшіңіз.
Жауапкершілікті өзгеге берген сәтте, сіз өміріңізді басқару тетігін де өзгеге бересіз. Жауапкершілік алу – билікті өз қолыңызға алу деген сөз.


5-қадам: ОРТА

Сіз – ең жақсы араласатын 5 адамыңыздың орташа көрсеткішісіз. Бұны зертетуге қаншама ғалым ұзақ жылын сарп еткен. Сонымен қатар, миыңызға кіретін ақпараттың (әлеуметтік желі, өсек, жағымсыз жаңалықтар) нәтижесісіз.
Сізді төмен тартатын, үнемі шағымданатын адамдармен байланысты шектеңіз. Санаңызды жаңа біліммен, биік мақсаттары бар адамдардың энергиясымен толтырыңыз.

Осы бес қадам біріккенде сізде «Ішкі ядро» қалыптасады. Ішкі ядро қалыптасып, қозғалғанда аз уақытта-ақ өзіңіз де, өміріңіз де өзгеріп, сіз өз тағдырыңыздың авторына айналасыз. Ал бұларды істемесеңіз, сіз жай ғана «өзгеруді армандаушы» болып қала бересіз.

Дайындаған: Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

БҰЛ ЖАТТЫҒУДЫ миллионерлер күнде ЖАСАЙДЫ

Түпсананы оятатын түнгі практика