ТАҒДЫР сізге қажеттіні қайда ЖАСЫРҒАН?

0
2 305

​Бұны білсеңіз, іздегеніңізді жаңа жылға дейін тауып аласыз.


ТАҒДЫР сізге қажеттіні қайда ЖАСЫРҒАН?

Байқасаңыз, адам өмір бойы әйтеуір бір жоғын іздеумен өтетін сияқты. Біреу бақытын, біреу өзіне қажетті адамды, тағы бірі қолайлы жұмыс, жайлы орын іздеп жүр. Іздегенді табудың оңай жолы бар ма? Қажет нәрсе қайда жасырылған?


«Бәрі өз қолыңда» дейді өмірлік тәжірибесі мол ата-аналар. Ал психолог мамандар адамның бәрі де қажетін алыстан іздеп қателеседі дейді.

Олардың зерттеуі бойынша, адамның алыстан немесе ұзақ жыл іздеп жүргені әрдайым жанынан, қасынан табылады екен.

Психологтар да, көргені көп ата-аналар да бақыт пен шаттықты, жұмыс пен жарды жақын жерден, қасыңда жүргендердің арасынан ізде деп кеңес береді. Өйткені тағдыр қажет адамды, керек нәрсені жасырып, тықпайды екен. Өмірді қиындататын адамдардың өзі дейді үлкендер.



Ұғынықты болу үшін мысал келтірейік

МЫСАЛ: Кәсібін жіті меңгерген атақты ұры болған екен. Сол ұры бірде пойызда бір бай әйелді тонамақ боп онымен купелес болады. Әлгі әйелдің мойнындағы гауһар тасты алқаға көзі түскен ұры оны қалайда ұрлап алуды көздейді. Ал әйел әккі ұрымен купелес болғанын жолсеріктен естіп, гауһар тасты алқасын қайда жасырарын білмей, басы қатады.

Әйелдің әбігерге түскенін байқаған ұры іштей «Қайда тықсаң да бәрібір тауып аламын» деп жатқанда ұйықтап кетеді. Түн ортасында оянған ұры ұйықтап жатқан әйелдің қымбат алқасын іздейді. Барлық жерді тінтіп шыққанымен, алқаны таппайды.

«Бұл қалай болғаны? Мен көздеген затымды ұрлап алмай тынбайтын едім ғой» деп аң-таң болады. Ойланып таң атқанша көз ілмеген ұры пойыздан түсуге жиналған әйелге «Мен өте шебер ұрымын. Өтініш, алқаңызды қайда жасырғаныңызды айтыңызшы. Жай ғана білгім келеді», - дейді. Сонда әйел күлімсіреп: «Гауһар тасты алқаны мен сіздің бешпентіңіздің жан қалтасына жасырдым. Ал сіз оны менің заттарымның арасынан іздеп әуре болдыңыз» депті. Ұры жанқалтасын сыртынан сипап, алқаның расында да бешпентіне жасырылғанына көз жеткізеді. Ұры оны қалтасынан алып, иесіне қайтарыпты.


Психологтардың бұл кеңесін де орындап көріңіз. Жаныңызда жүрген адамдарға назар аударыңыз. Басқа мекемеден жұмыс іздемес бұрын, қазіргі жұмысыңызға көңіл бөліп, міндетіңізді шын ықыласпен атқарыңыз. Мүмкін сонда ұзақ уақыт іздеп жүргеніңізді жаңа жылға дейін тауып қаларсыз.


Т. ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


АДАМды қанша уақытта толық ТАНУға болады?


Өміріңізді «ЕМДЕУГЕ» көмектесетін 3 ӘДІС