​ПРОБЛЕМА орныңыздан қозғалтпай қойғанда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

0
1 814

Мұндайда ең бірінші Платонның даналық сөзін еске түсіріңіз. Оның сөзі қаншама адамға көмектескен.


​ПРОБЛЕМА орныңыздан қозғалтпай қойғанда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Үш нәрсе жас пен статус таңдамайды, күй де талғамайды. Олар кәрі мен жастың да, бай мен кедейдің, үйі жоқтың да, қос-қос көлігі бардың да алдынан кез келген уақытта шыға келеді.

Иә, олар – Ажал, Ауру және Проблема. Өкініштісі, біріншісінен ешкім қашып та, алысып та құтыла алмайды. Ал қуанарлығы, қалған екеуін жеңуге, жоюға, тіпті бірге өмір сүруге де болады. Бастысы, сізде бір нәрсе болу керек. Ол – сенім.


Мамандардың айтуынша, аурудан сауығуға ғана емес, проблемадан құтылуға да қаражат пен біліктілік емес, ең бірінші – сенім қажет екен.



СЕНІМ – ДӘРІДЕН КҮШТІ

Әлемде сенімнің дәріден күшті екенін анықтау үшін білімді, білікті мамандардың жүргізген тәжірибесі көп. Медицина саласында ұзақ жылдық зерттеулерінен соң «...Сенім науқасқа ауруды жеңуге көмектеседі және кез келген кеселді емдей алады» деген профессор мен докторлар жетерлік. Осы тұста американдық кардиологтардың мынандай бір тәжірибесін келтірейік.

Мамандар жүрек ақауы және жүрек-қан тамырлар аурулары бар 750 пациентті үш топқа бөліп ем жүргізеді. Бәріне бірдей ем-шаралар жасалып, бірдей дәрілік препараттар беріледі. Бірақ бірінші топтағы науқастарға бұдан бөлек күнде шипалы дұға оқу тапсырылады. Екінші топ терапиялық музыка тыңдайды. Үшінші топтағылар тек стандартты медициналық еммен қалдырылады.

Емделушілерді мамандар күн сайын диагностикаға түсіріп, бақылайды. Бақылау нәтижесі бірінші топтағы науқастардың ағзасында емделу процесінің жылдам жүріп жатқанын көрсетеді. Таңқаларлығы, олардың ағзасында ауруға қарсы тұратын иммунитет жоғарылаған.

Емдік музыка тыңдаған науқастардың арасында да ағзасы дертпен белсенді күресіп жатқандары болса, ал үшінші топта бұндай көрсеткіш өте төмен. Неге?

Өйткені бірінші топ дәрі-дәрмектен бөлек дұғаның, ал екінші топ музыканың шипасына сенді. Олардың сауығуға деген сенімі үшінші топтан екі есе жоғары болған.


Демек сенім күші артқанда дерттің күші кемиді. Тәжірибе жүргізген кардиолог мамандары «Ауру адам сенімін жоғалтса өледі, ал сау адам одан айырылса ауырады» деп тұжырым жасайды.



СЕНІМ – ЕҢ МЫҚТЫ ҚОРҒАУШЫ

Оксфорд университетінің адам санасын зерттейтін орталық оқымыстылары электр тогынан қорықпайтын, батыл адамдар арасында қызықты тәжірибе жүргізетіні туралы хабарлайды. Орталық лабораториясына өз еркімен қатысушылар көп жиналады. Олардың ішінен 12 атеист және 12 діни сенімі бар адам таңдалып алынады.

Сынақтан өтушілер өміріне қауіпсіз, қуаты аз электр соққысын беретін арнайы құрылғыға кеезк-кезек отырғызылады. Құрылғының электр тогы әсерінің дәрежесі естен тандырмайды, тек бұлшықеттерді жиырады. Ал бұлшықеттердің жиырылуына қарай адам ағзасының қаншалықты ауырлықты сезгенін анықтауға болады екен. Құрылғы одан бөлек, электр соққысы берілген сәтте қатысушылардың миын сканерлеп алады.

Сынақ нәтижесінде оқымыстылар атеистпен салыстырғанда құдайдың бар екеніне сенетін адамдардың ағзасы электр соққысын төмен дәрежеде сезетініне көз жеткізеді. Сонымен қатар діни сенімі бар қатысушылардың ағзасында ауырсынуды басатын гормондар бөлінгенін байқайды. Ал ми сканерлері арқылы анықталған нәтиже қандай да бір Жоғары күштің барына сенетіндердің психикасы тұрақты әрі жүйкесі мықты болатынын көрсетеді.


Адам санасын зерттейтін орталық оқымыстылары тәжірибелік жұмысты қорытындылап, «Сенімі күшті адам ағзасының түрлі биохимиялық процеске төтеп беру қабілеті жоғары» деп жазады.


Бұл сынақ тәжірибелер ауруды жеңілдетуде, тән мен жанның саулығын сақтауда, өмірдегі түрлі жағдайларда сенімнің маңыздылығын түсіндіреді. Олай болса, қолыңыздағы барыңыздан айырылып қалсаңыз да сеніміңізді жоғалтпаңыз.

Проблемалар физикалық, психологиялық тұрғыда шаршатса да сеніміңізді әлсіретпеңіз. Өйткені «Сеніммен тау қопаруға да болады» дейді ғылымның алғашқы негізін қалаған ойшыл Платон.

Проблемалар аяқ-қолыңызды матап, ойыңызды қозғалтпай қойғанда ең бірінші Платонның осы даналық сөзін еске түсіріңіз. Аристотельдің ұстазы, Сократтың шәкірті – Платон бұл сөзді бекерге айтпағанына сеніңіз!

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Жақсы көретін ЖЕМІСіне қарап МІНЕЗін білуге болады (тест)

"Бала сүйе алмай қаламын ба?" - ҚОРҚЫНЫШты "қуатын" ГИПНОЗдық ТӘСІЛ