Біз-референдумға сіздермен бірге барамыз!

0
626


Біз-референдумға сіздермен бірге барамыз!

5-маусым тарихты таразылап, болашаққа нық қадам басар күн! Қазақ елінің 30 жылда жетпеген белесіне шығу жолында тыңнан түрен салу керек болып тұр. Сол үшін де мемлекет басшысы Қ.Тоқаев “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру” жолын ұсынды. Ата заңның үштен бір бөлігіне өзгерістер жасау қажеттігін қадау-қадау тараумен түсіндірді. Елді разы еткен бір мәселе бар.


Ол, Президент өз өкілеттігін азайтып, биліктің тұтқасын халықтың өз қолына көбірек ұсынғанды жөн көріп отыр. Президенттің өз туыстарының мансап қуып, билікті майшелпекке айналдыруына жол бермеу керектігін кесіп айтты. Ұнамды ұсыныс! Жаңа Қазақстанға жарқын қадам басуды мақсат еткен референдумды Түркістан облысы журналистер мен блогерлер клубының мүшелері де қуана қуаттап отыр. Біз-Референдумға Сіздермен бірге барамыз!


Ерсұлтан Әмірбек,

Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы