РЕФЕРЕНДУМ: Өз таңдауын жасауға келуші кентаулықтар өте белсенді қатысып жатыр

0
568

Кентау қаласында жалпы саны 35 референдум учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап толық жұмысын бастап атқаруда.


РЕФЕРЕНДУМ: Өз таңдауын жасауға келуші кентаулықтар өте белсенді қатысып жатыр

Өз таңдауын жасауға келуші кентаулықтар өте белсенді қатысуда. Қала аумағында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 56796 азамат тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айта кетейік, барлық референдум учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камералармен, қосымша электр көздерімен және арнайы қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған.
Референдум учаскелерінің барлығы дерлік арнайы кабинкалармен, тактильдік көрсеткіштермен, арнайы бұрыштар, мониторлы компьютермен қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы құлақаспаптар, ұлғайтқыштар, тұтқалар және пандустармен жабдықталған.
Сондай-ақ, көзі көрмейтін зағип жандар үшін 35 референдум учаскесіне тактильді жолақ орнатылған.
9 сайлау учаскесі инватакси, 4-еуінде әлеуметтік таксилерімен тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.